ЯРКОкросс

img

10 маусым, Almaty Arena мұз сарайында ЯРКОкросс Magic фестивалі өтті.
ЯРКОкросс – бұл жылдың ең көрнекті, спортқа деген құмарлық, қайырымдылық пен сүйіспеншілік тоғысқан шарасы.

Қардай аппақ жиде кие қатысушылар сөреден лап берсе, мәреге кемпірқосақтың жарқын түстеріне боялып – жүгіріс қашықтығының бойында түрлі-түсті бояу ұнтақтарын волонтерлар жаудырады – ала жаулы жүгірушілер көтеріңкі райда жетеді.

Фестиваль 5 мыңнан астам адам жинады; олардың көбі, әрине, балалар. Маусымның ең жарқын шарасы әр қатысушыны қуаныш сезіміне бөлеп, көңілде қалатыны сөзсіз.

«Команда SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы да шараға өз үлесін қосты – волонтерларды жинап, дайындап, шараға жеткізді.
Нақтылап айтсақ, орталық волонтерларға нұсқама өткізіп, жүгіріс аясында еріктілердің жұмысын үйлестіріп отырды.

Шарада еріктілеріміз концерттік зонада көмектесіп, сөре мен мәре аумағында, серіктестермен байланыс орнатуда, бояуға шомылдыру нүктелерінде атсалысты.

Барлығы 115-тен астам волонтер көмекке келіп, баршаға ұмытылмас бір күн сыйлады.

Фестивальдің барлық фотоларын мына жерден таба аласыз.