Month: Қараша 2018
Find Your Way
Найди свой путь среди тысячи профессий!
Komanda SOS приглашает Вас на проект по профориентации «Find Your Way». Программа мероприятия включает в себя выступления талантливой молодежи, а также опытных сотрудников таких компаний как: The Ritz-Carlton, Coca-Cola, НЕСТЛЕ Фуд Казахстан, АТФ Банк, Almaty Triathlon Federation, Takeda, Колеса Крыша Маркет и др. Именно они поделятся с Вами своим опытом и помогут выбрать будущую профессию. Также специально для Вас, Starbucks проведет бесплатный кофе-брейк! Проходите регистрацию и приходите на мероприятие ;) Участие бесплатно! Место: КБТУ; Дата: 25 ноября; Время: 10.30 – 16.00 Регистрация: http://fyw.volunteer.kzFind Your Way эмоциялары
Жобаны ұйымдастырудың ең басынан бастап біз оның барлық маңыздылығын түсіндік, себебі тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады. Іс-шарада біз қатысуын қалаған барлық спикерлермен жылдам келісіміге келіп, тақырыптарды таңдап, сайтпен айналысуды бастадық. Тіркеу басталған сәттен бастап қатысушылар формадағы «жобадан не күтесіз?» жолына біреулері ең жоғарғы атмосфера деп жазса, енді бірі бір нәрсе күтуге құқығым жоқ деп жазып жатты. Себебі бүкіл жоба еріктілердің көмегімен ұйымдастырылды. Бұл сөздер бізді жігерлендірді)
Ал іс-шараның өзінде оқушылар мен студенттер спикерлерді мұқият тыңдады. Көбі соңында қосымша сұрақтар қою үшін қалды. 20-30 адамнан тұратын топтар спикерлерді қоршап алып, кетуге мүмкіндік бермеді)
Спикерлердің көбіне жоба қатысушылардан да артық ұнаған болып көрінді. «Менің мектептегі және студенттік жылдарымда осындай шаралардың өткізілмегені өкінішті. Ақыры классикалық қалыптасқан қайырымдылық арқылы емес, жеке тұлғалық дағдылар арқылы КОРПОРАТИВТІК ВОЛЕНТЕРЛІК ІСТІ дамытуды қолға алды» деген фразаларды жиі естідік.
Дәрістер аяқталып үлгермей жатып, қатысушылар да, спикерлер де Komanda SOS-тың келесі жоспарланған бағдарламалары жайлы хабар беруді сұрап жатты. (Міндетті түрде хабарлап отырамыз)
ЕРІКТІЛЕРДІ жеке атап өткіміз келеді. Атқарылған жұмыстар, жауапкершіліктер және жайлы атмосфера үшін алғыс айтамыз!
Күн оқиғаға толы, ерекше атмосферамен өтті. Ат салысушылардың барлығына көп рахмет: ҚБТУ, спикерлер, кейтеринг, еріктілер, қатысушылар.
Сіздер ең үздіксіздер!
Мыңдаған мамандықтың ішінен өз жолыңды тап!
Komanda SOS Сіздерді «Find Your Way» кәсіби бағдар беру бағдарламасына шақырады.
Іс-шара бағдарламасы талантты жастардың, сонымен қатар келесідей компаниялардың тәжірибелі қызметкерлерінің дәрістерінен тұрады: The Ritz-Carlton, Coca-Cola, НЕСТЛЕ Фуд Казахстан, АТФ Банк, Almaty Triathlon Federation, Takeda, Колеса Крыша Маркет және т.б. Дәл осы адамдар Сіздермен өз тәжірибелерімен бөліседі және де болашақ мамандық таңдауда бағдар береді.
Сонымен қатар, арнайы Сіздер үшін Starbucks тегін кофе-брейк өткізеді!
Тіркеуден өтіп, іс-шараға келіңіз
Қатысу тегін!
Орны: ҚБТУ;
Мерзімі: 25 қараша;
Уақыты: 10.30 – 16.00
Тіркелу: http://fyw.volunteer.kz
INTERNATIONAL EDUCATION FAIR 2018-2019 ВОЛОНТЕРЛІК КӨМЕК
Komanda SOS-тың 70 еріктілері білім беру көрмесін өткізуге көмектесуде.
Іс-шарада 30-дан астам елдердің жоо мен білім беру орталықтарының өкілдері орналастырылады! Біздің еріктілер жоба делегаттарын алып жүру және толығымен үйлестіру қызметтерін атқаратын болады. Еріктілер көрме қонақтарымен танысып, тек қана орыс және ағылшын тілдерінен ғана емес, сонымен қатар испан, қытай, неміс және де тағы басқа тілдердің аудармасымен көмектеседі.
Қазіргі таңда көрмеде шамамен 700-дей адам. Ал бір күн ішінде олардың саны 3000-нан асады.
____________________________________________________________________________
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» білім беру көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шарада АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің рейтингі жоғары университеттері мен бизнес-мектептері ұсынылатын болады. Көрмеге 2000-нан астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысады деп күтілуде!
Ұйымдастырушылар жоо өкілдеріне көмектесу, көрме қатысушыларына аударма көмегін көрсету, тіркеу өткізу және т.б. қызметтеріне еріктілердің көмегін тарту мақсатында Komanda SOS-қа жүгінді.
Орны: «Rixos» қонақ үйі;
Мерзімі: 17 қараша;
Уақыты: 09.00 ден 19.00-ге дейін.
Егер де Сіз ерікті ретінде қатысуды қаласаңыз және де ағылшын тілін Intermediate-тен жоғары деңгейде білсеңіз, сілтеме бойынша тіркелуге өтіңіз.
Ескерту* Барлық еріктілерді 2 уақыт тамақтану және алғыс хаттар күтеді.
“ЗДОРОВАЯ АЗИЯ” – БАЛАЛАР ХОСПИСІНЕ КӨМЕК
«Здоровая Азия» хосписі — бұл онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қолдау орталығы. Орталықта әр екі аптада орта есеппен 4-ші дәрежедегі қатерлі ісікпен ауыратын 8-10 бала болады. Олардың өмірлерін сәлде болса шаттыққа бөлеу үшін еріктілер іздейміз. Олардың міндеті — балалармен танымдық ойындар ойнау, бірге арт-терапиямен, бимен, музыкамен айналысу, компьютерде жұмыс жасауды, фото және видеотүсірілімнің қыр-сырын үйрету. Көмек әр күн сайын қажет (кесте талқыланады, демалыс күндері көмек көрсету мүмкіндіктері де бар).
Бірден ескертеміз: орталық Қырғауылды ауылында орналасқан— Алматы обл., Карасай ауд., Самал көш, 40 үй (Саина-Джандосов көш.- 8 км, немесе қала шекарасынан – 1 км қашықтықта). 401, 429, 428 автобустары арқылы жетуге болады, Саина-Джанжосов көш. шамамен 40 минут қашықтықта.
*Ескерту: волонтерлік көмек кезінде еріктілер сау болуы керек (балаларға жұқтырмау үшін).
Волонтерлікке тіркелу
Барлық сұрақтар бойынша:
+7 701 739 60 02 – Komanda SOS;
+7 705 966 40 26 – Здоровая Азия.