АУТИЗМ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСКІҢІЗ КЕЛЕДІ МЕ?

img

«Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерлік көмек

Қазанның 22-ші жұлдызында Komanda SOS еріктілері үшін бірінші ақпараттық-таныстырма дәріс өтті.  Дәріс барысында жобаның үйлестірушілері еріктілермен атқарылатын жұмыстың бағыттарымен, ерекше балалармен араласудың егжей-тегжейімен, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, бізге экскурсия ұсынып, сұрақтарымызға жауап беріп, балалардың театр үйірмесімен танысып, қонақжайлылықтарын көрсетті.

Бүгінгі таңда еріктілер ағымдағы жобаларға атсалысып та кетті. Ал ең белсенділері жаңа үйірмелер ашып та үлгеріп жатыр (әңгіме-дүкен клубы, ағылшын тілі, математика, аспазшылар мен тағы басқалар).

Жобаның мерзімі шектелмегендіктен, еріктілердің көмегі мен қатысуы тұрғылықты түрде қажет.

____________________________________________________________________________

Komanda SOS орталығына «Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерларды іздестіре хабарласты.

– Адамзат аутизмге қарсы дәрі-дәрмек әлі де ойлап тапқан емес. Балаларымызға көмектесудің жалғыз ғана жолы – бұл оларға арнап арнайы орта қалыптастыру. Біздің балаларға, – деп олар жазды, – соның ішінде іс-қимылдың келісімділігін қамтамасыз ететін аса зейін қоюды шынықтыратын дене тәрбиесі өте жағымды. Спортпен шұғылдану ең керегі. Мұнда балалар дененің шектеулігін, психологиялық тежеулерді жеңіп, тұйық оңашаланған орталарынан сыртқа шығуға көмектеседі. Спорттан басқа балаларды түрлі үйірмелерге қатыстырамыз, мысалы театрлық өнер, ағылшын тілін үйрену, т.б.  Біздің орталығымызға қуана қол ұшын созуға дайын ерікті көмекшілерді таба аласыз деген үміттеміз.

Қор спорттық және басқа да үйірмелерді өткізуге даяр волонтерларды іздестіруде. Жасыңыз 18-ден асса, күндізгі саған 10 мен 16.00 арасында уақытыңыз бос болса, волонтер болуға тіркеліңіз.

Мекенжайы:
Новая көшесі, 10-үй (Навои к-мен жоғары қарай)

Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыз:
+7 701 739 60 02 (Сергей – Komanda SOS);
+7 701 555 26 32 (Әйгерім – «Аутизмді жеңеміз» жобасы).