Шахматтан мүгедек спортшылар арасындағы біріншілік

img

Шахматтан мүгедек спортшылар арасындағы біріншілік

Осы жылдың шілденің 21 жұлдызында “Алматы” спорттық клубының шахматтан көру және есту мүшелері зақымданған спортшылар арасында халықаралық шахмат күніне арналған біріншілігі өтті.

Шара аясында “Komanda SOS” Еріктілерді үйлестіру орталығы жарысты өткізуде қол ұшын созды – 5 ерікті азаматтарымыз көмегін аяған емес.

Біріншілікке қатысқан спортшылардың өткен шараның ұйымдастыру сапасы көңілдеріне жағып, мәз-мейрам қайтты. Осындай шаралар алдағы уақытта жиірек өткізіледі деп біз де үміттенеміз.

————-

Шахматтан біріншілік өткізу үшін волонтерлар қажет!

Шілденің 21-нде “Алматы” спорттық клубының халықаралық шахмат күніне арналған біріншілігі көру және есту мүшелері зақымданған спортшылар арасында өтеді.

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 214-үй, Мұратбаев көшесінің қиылысы.
Уақыты: 09.30-17.00

3 волонтерді күтеміз – шара барысында толық тамақтану мен қосқан үлестері үшін аяқталуында алғыс хат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу телефоны: +7 701 739 6002 – Сергей