Волонтерді тіркеу.
Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:
-
Келісімнің мәні
Бұл Келісім бос орындарды іздеуге арналған электрондық онлайн жүйесіне өтінім тапсырған ықтимал Волонтер (бұдан әрі – «Волонтер») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
-
Волонтердің құқықтары
2.1. Волонтер өз қызметі жайлы жасырын немесе құпия ақпаратты ұсынудан бас тартуға құқылы;
2.2. Волонтер осы www.volunteer.kz сайтын қолдануды кез келген уақытта Волонтерді электрондық дерекқордан шығару туралы еркін нысандағы жазбаша өтінішін komandasos@gmail.com поштасына жіберу арқылы тоқтатуға құқылы.
2.3. Волонтер www.volunteer.kz сайтының барлық ресурстарын қолдануға, яғни басқа волонтерлік бос орынға сұрау салу, сайттың форумын қолдану, жаңалықтар алу және де Орталықтың ашық шараларына қатысуға құқылы;
2.4. Волонтер «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жүйесімен ұсынылған қандай-да бос волонтерлік жұмыс орнына келісуге немесе келіспеуге өздігінен шешім қабылдауға құқылы.
-
Волонтердің міндеттері
3.1. Волонтер вебсайттың үйлестірушісіне таңдалған волонтерлік вакансия жайлы жазбаша komandasos@gmail.com поштасына уақытылы хабардар етуге міндетті. Кері жағдайда сайт үйлестірушісі бос емес орынға волонтерді іздестіруді беймәлім жалғастыра береді.
3.2. Волонтер тексерілген, сенімді, объективті және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.3. Волонтер сапалы кері байланыс үшін сенімді байланыс ақпаратын ұсынуға міндетті.
3.4. Өзінің қызметі туралы, сонымен қатар қалаулы волонтерлік бос орын туралы барынша кең, мағыналы, толық ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.5. Осы сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасау міндет.
-
Өз бейнесін пайдалануға келісім
Волонтер Орталыққа өзінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін өз келісімін береді.