Заңды тұлғаны тіркеу. 1-қадам.
Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:
1. Келісімнің мәні
Бұл Келісім бос орындарды іздейтін электрондық онлайн жүйесіне өтінім тапсырған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін ықтимал волонтер (бұдан әрі – «Заңды тұлға») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
2. Заңды тұлғаның құқықтары
2.1. Заңды тұлға тиісті құжаттарға сілтемемен, өзінің заңды тұлғасының қызметі туралы құпия немесе жасырын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
2.2. Заңды тұлға komandasos@gmail.com мекенжайы бойынша электрондық базадан пайдаланушыны шығару жөнінде сұраныспен еркін түрде өтінішті жолдап, www.volunteer.kz аталған сайтында қызметін тоқтатуға құқылы.
2.3. Заңды тұлға www.volunteer.kz сайтының барлық ресурстарын пайдалануға, яғни басқа да позициялар бойынша қосымша сұрау салуларды орналастыруға, сайттың форумын пайдалануға, жаңалықтар жіберілімін алуға, орталықтың ашық іс-шараларына қатысуға құқылы.
2.4. Заңды тұлға «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жүйесімен ұсынылған қандай-да бос волонтерлік жұмыс орнына келісуге немесе келіспеуге өздігінен шешім қабылдауға құқылы.
3. Заңды тұлғаның міндеттері
3.1. Заңды тұлға бос емес жұмыс орындары туралы сайттың үйлестірушісіне komandasos@gmail.com поштасына жазбаша уақытылы хабардар етуге міндетті.
3.2. Заңды тұлға тексерілген, сенімді, объективті және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.3. Заңды тұлға сапалы кері байланыс үшін сенімді байланыс ақпаратын ұсынуға міндетті.
3.4. Заңды тұлға өзінің қызметі туралы, сонымен қатар қалаулы волонтерлік бос орын туралы барынша кең, мағыналы, толық ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.5. Осы сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасау міндет.
4. Бейнелерді пайдалануға келісім:
Заңды тұлға Орталыққа өзінің қызметкерлерінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған олардың бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей ҚР заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін осы қызметкерлердің келісімін алғандығына өз кепілдігі мен келісімін береді. Заңды тұлға Орталықтың жоғарыда аталған бейнелерді пайдалануына байланысты туындаған өз қызметкерлерінің барлық наразылықтары бойынша өздігінен жауапты болуға міндеттенеді.