Пайдалы ақпарат
2018 жылы Қазақстандағы ҮЕҰ және волонтерлік бойынша жаңа нұсқаулық шықты. Берілген нұсқаулық Қазақстандағы волонтерлермен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтың үшінші басылымы болып табылады. Басылымның негізгі мақсаты – қазақстандық ҮЕҰ-ға волонтерлармен жұмыс жасаудағы тәсілдерді жетілдіруге көмектесу, жаңа идеялар мен әдістерді қолдануға бағыттау. Қазіргі кезде барлығы өте тез өзгереді, кейбір құралдар ескіреді, ал кейбіреулері, керісінше, өзінің тиімділігін дәлелдейді. Сондықтан, тек өзінің мақсатты аудиториясы және өз ұйым әрекетінің алуан түрлі мәселелерін күнделікті шешетін ҮЕҰ өкілеттерінің өздері ғана қайсысы аса өнімді және тиімді болатынын біледі.
Волонтерлік идеясы Қазақстанда 1993 жылы «БҰҰ еріктілері» бағдарламасы пайда болғаннан бастап дами бастады. Қазіргі таңда Қазақстан ҮЕҰ әрекеті негізінен келесі облыстарда кең тараған: экология, балалар және жастармен жұмыс, әйел мәселелері, денсаулық, мәдениет, өнер, ғылым, білім беру, заңды құқықтар, әлеуметтік құқықтар, ҮЕҰ-ды нығайту, мүгедектігі бар балалар мен ересектердің құқықтары. Дегенмен, волонтерлік ауқымы өсіп келеді, қазірдің өзінде көптеген дербес волонтерлерді кездестіруге болады.
Волонтерлік және Үкімет.
2006 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «2006-2011 Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму концепциясына» («Концепция») қол қойды. Концепция жұмысы халықты ерікті әлеуметтік-белсенді әрекетке тартуды болжамдайтын ҮЕҰ-мен қоса алғандағы коммерциялық емес ұйымдардың әр түрлі түрлерін ашу арқылы азаматтық қоғамның ұйымдастырылуы мен қалыптасуын қолдайды. 2016 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті волонтерлік әрекет туралы Заңға қол қойды, осылайша, волонтерлікке құқықтық негізді регламенттеді. Бұдан басқа Үкімет волонтерлерді ОБСЕ мүшелері елдерінің Саммиті, Ислам конференциясы, «Азиада» VII қысқы азиялық ойындары, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі және басқалары сияқты республикалық маңызы бар ауқымды іс-шараларды өткізуге жұмылдыра бастады, бұл Қазақстандағы волонтерлікті дәріптеуге оң әсер етеді.
Волонтерлік және ұйымдар.
Айтылып өткендей, ҮЕҰ волонтерлерді алғашқы жұмылдыра бастағандардың бірі болды. Бірақ волонтерлік саласы кеңейген сайын ол біртіндеп мемлекеттік мекемелерді де қамти бастады. Қазірдің өзінде балалар үйі немесе кітапханалардың волонтерлермен серіктестігінің сәтті мысалдары бар. Және бұған дейін мемлекеттік мекемеге өту біршама қиын болатын, ал қазір бұл жағдайдың өзгеруінің алғашқы алғышарттары пайда болды.
Қазіргі кезде өзінің әрекетіне волонтерлерді жұмылдыратын ҮЕҰ саны әлі де көп болғанымен, бірақ волонтерлермен жұмысқа кәсіби жақындайтын ұйымдар саны аз. Бұл жағдайда волонтерлермен кәсіби жұмыс істеу дегеніміз: үйлестірушінің болуы, волонтерлерге арналған жоспарланған жұмыс, ұйымға қажетті волонтерлердің қажетті санын анықтау, волонтерлерге игілікті ыңғаймен қарау, оларды ынталандыру және марапаттау, сонымен бірге ұйымдағы қаржыланатын жобалардың болуына қарамастан волонтерлерді ұстап қалуға тырысу және т.б.
Жыл сайын 5 желтоқсанда әлем бойынша және Қазақстанда Халықаралық Волонтер Күні тойланады. Қазақстан волонтерлері бұл датаны қайырылымдылық іс-шаралар және волонтерлік науқандар өткізудің, қоғамның дамуына волонтерлердің үлесіне ерекше көңіл аудару және оны бағалаудың бірегей мүмкіндігі ретінде қабылдайды.
Волонтерлік және бизнес.
Соңғы жылдары ҮЕҰ немесе волонтерлік топтардың бизнес-құрылымдарымен серіктестігі танымалдылыққа ие бола бастады. Өзара тиімді шарттарда көптеген алуан түрлі іс-шаралар өткізу көбейіп жатыр. Волонтерлар икемдірек болуда. Волонтерлік пен бизнес серіктестігінің жаңа түрлері пайда болып жатыр. Осындай инновациялардың бірі енді ғана дамып келе жатқан корпоративтік волонтерлік болып табылады. Бұл бір компания қызметкерлерінің басшылығы қолдауымен болатын волонтерлік түрі. Бизнес волонтерлер арқылы қоғамға жақын бола бастайды, ал волонтерлер өз әлеуетін іске асыруға ресурстар және қолдау алады.