Поиск волонтеров в образовательном проекте

img

Завершились осенние каникулы, первые в этом году. 🍁
Только после первой четверти учебного периода приходит осознания пробелов в знаниях у детей. Ученики начинают думать, как это исправить. На помощь к ним приходят старшие родственники, учителя и репетиторы.
Социальный образовательный проект BirBala – на протяжении 3 лет обучает детей из многодетных семей и детских домов. Главная идея проекта – помощь через образование.

Сейчас начинаем свой отбор волонтеров на роль менторов-преподавателей для детей школьного возраста!

📢Мы ищем:

  1. Волонтеров-преподавателей, которые обладают высоким уровнем ответственности и есть достаточное количество времени для проведения обучающей деятельности – в среднем два раза в неделю, минимум 3 месяца. Онлайн.
    Все это может меняться и подстраиваться под удобное расписание для учеников и учителей.
  2. Волонтеров-кураторов.
    Ищем ребят, которые готовы оказывать поддержку преподавателям. Необязательно иметь много времени, но нужно быть понимающим и открытым. От вас требуется занятие административной работой и организация встреч с волонтёрами.

Что получают наши волонтёры?
• Возможность внести свой вклад в общество;
• Становление частью сообщества волонтеров;
• Получение сертификатов, подтверждающих участие в волонтерском проекте.

Нашим волонтером может стать каждый. Не важно в какой стране, городе находитесь. Нет нужды обладать определенным возрастом или степенью, достаточно иметь хорошие знания по определённым школьным предметам и желание помогать другим 🙌

Присоединяйтесь к нам, мы ждем каждого с активной гражданской позицией. Давайте вместе помогать и менять мир друг друга 🧡

Для регистрации необходимо заполнить форму, перейдя по ссылке: здесь

Волонтерство в десткой библиотеке имени С.Бегалина

img

Уважаемые волонтеры,

Вот уже 8 месяцев волонтеры Komanda SOS обучают детей английскому языку в детской библиотеке имени С.Бегалина.

Библиотека снова обратилась в наш центр волонтеров для поиска волонтеров на следующие позиции:
– Робототехника;
– Шахматы;
– Рисование.

Обращаем Ваше внимание, что волонтерство должно быть системным, еженедельным и непрерывающимся в будние дни! Именно от вас зависит чему научатся ваши юные ученики, и какой толчок к развитию вы сможете оказать.

Если Вы хотите стать волонтером и у вас есть достижения в соответствующей области, пожалуйста, оставьте заявку

(Рус) Чемпионат по боулингу для детей с особыми потребностями

img
(Рус)

12 февраля состоится чемпионат по боулингу для детей с особыми потребностями. Соревнования проводят филиал ОО «Казахстанская специальная олимпиада» в г.Алматы. Организаторы просят оказать волонтерскую поддержку на мероприятии в судействе и по организационным вопросам.

 

Место: Самал 1-й микрорайон, 2Б

Дата: 12 февраля (вторник);

Время: 10.00 – 13.00.

 

По вопросам волонтерской помощи +7 771 701 1309

АУТИСТ БАЛАЛАРҒА ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

img
(Eng) Did you know that humanity has not yet come up with a cure for autism? The only way to help autistic children is to create a special social environment. What does this mean? Exercise is a key factor, requiring an increase concentration and physical coordination. Sports are just what’s needed. They are excellent at helping children overcome their physical and psychological limitations and extending them beyond being just “in their own world." In addition to sports, there are various educational programs and a theater group. The project is looking for volunteers for sports activities, as well as other small group activities. If you are already 18, and you have free time on weekdays from 10.00 to 16.00, then register for volunteering HERE. Address: 10 Novaya Street (up to Navoi Street) For all questions: +7 771 701 13 09 (Sergey - Komanda SOS)

Адамзаттың әлі аутизмнен дәрі ойлап таппағанынан хабардарсыз ба? Балаларға көмек қолын созудың жалғыз жолы – арнайы әлеуметтік орта жасау. Бұл қалай? Іс-әрекеттердің жоғары шоғырлануы және үйлестірілуді қажет ететін  физикалық жүктеме аса өзекті мәселе болып табылады. Ең тиімдісі – спортпен айналысу. Бұл балаларға дене және психологиялық шектеулерді еңсеруге және де «өз әлемінен» шығуға жақсы көмектеседі. Спорттан басқа түрлі білім беру бағдарламалары және театр үйірмелері өткізіледі.

Жобаға спорт ойындарын, түрлі үйірмелерді өткізу үшін еріктілер қажет. Егер Сіздің жасыңыз 18-ге толған болса, және де жұмыс күдері 10:00-ден 16:00-ге дейін бос уақытыңыз болса, келесі  СІЛТЕМЕ бойынша тіркелуден өтіңіз.

Мекен жайы: Науаи көш. 10  (Науаи көш. жоғары)
Барлық сұрақтар бойынша:
+7 771 701 13 09 (Сергей – Komanda SOS)

С.Бегалин атындағы балалар кітапхасында ағылшын тілі сабақтары

img

Шет тілдерді меңгерген еріктілер қажет

Сапарғали Бегалин атын. балалар кітапханасы ерікті оқытушыларды тауып беру өтінішімен  «Komanda SOS»  еріктілерді үйлестіру орталығына жүгінді.

Кітапхана шет тілдерді меңгеруді қалайтын 6 мен 18 жас аралығындағы барлық тілек білдіруші балаларға  арнап тегін сабақтар ұйымдастырды. Барынша көп балаларды оқыту үшін сабақ бере алатын еріктілер қажет. Еріктілер сабақ беруде өздеріне ұнаған кез келген форматты таңдай алады.

Кітапхана өз тарапынан барынша қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, Сіздің жұмысыңызды алғыс хаттармен марапаттайды.

Егерде Сіз ерікті болуды қаласаңыз, келесі сілтемеге өтіп, өтінімді толтырыңз.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды Абу-Дабиде өтетін ойындарға дайындау

img

“Special Olympics” ҚБ Алматы қаласындағы филиалы  ерекше қажеттіліктері бар балаларды әр түрлі спорт түрлеріне дайындауда. Осы көктемде аталмыш ұйымның тәрбиеленушілері Абу-Дабиде өтетін бүкіләлемдік ойындарға қатысуға аттанады. Жас спортшыларды осындай маңызды жарыстарға дайындау үшін сіздің көмегіңіз қажет.

Егер де Сіз коньки тебе алсаңыз және де балаларды сырғанауға үйретуді қаласаңыз, өтінім қалдырыңыз.  Сабақтар сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 14:30-дан 16:00-ге дейін өткізіледі. Мекен жайы: Өтеген Батыр  көш., Төле Би көш. қиылысы.

Өтінімді келесі сілтеме бойынша  қалдыруыңызға болады.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 771 701 13 09

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ

img

Науқан аясында ниет білдірген еріктілер қандай да бір себеппен қуаныш назарынан тыс қалған балаларға сыйлықтар береді. Бұл жылы сыйлықтар «Кең жүрек» ҚҚ 52 тәрбиеленушілері үшін жиналатын (Қазақстандағы балалар эпилепсиясымен айналысатын алғашқы қор).

Балалардың жаңа жылдық тілектерімен мына жерден таныса аласыз:
Мақала: https://tengrinews.kz/article/964/;
Видео: https://www.youtube.com/watch?v=lBeGKhcfuic.

Егер де Сіз жаңа жылдық ғажайыпқа шын жүрегімен сенетін балаларға Аяз Ата болып, қайырымдылық бағдарламасына қатыссаңыз қуанышты боламыз.

Барлық сұрақтар бойынша:
+7 701 739 60 02 – Сергей;
+7 705 888 57 88 – Григорий.

ФИЗИКА КОМИКСТЕ. «SMART POINT»-те КОМИКС КҮНІ

img

Академк Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру қоры комикстер мен ғылымның барлық әуесқойларын «Физика комиксте» тұсаукесеріне шақырады.

Ол жерде келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • мультфильмдер мен комикстер қалай салынатынын білу,
  • байқауларға қатысып, жүлделер ұтып алу,
  • ғылыми эксперименттер шоуын көру,
  • комикс құрастырушыларының қолтаңбаларын алу,
  • «Физика комиксте» нөмерін сыйлыққа алу.

Өздеріңіз және балаларды ерте келіңіздер (10 жас және үлкен). Күтеміз!

Орны: Алматы, Байзақов көш. 280, «Smart Point»;
Мерзімі: 17 желтоқсан;
Уақыты: 10.30 – 16.00;
Толығырақ: https://www.facebook.com/events/528154417699233/

Inclusive Theater

img

The charitable projects “Autism will win” and “DOM” have created a theater group for children with autism – an acting school called “The Game”. Every Monday and Friday, workshop leaders conduct classes for children, acting out different scenes. We are looking for volunteers who like working with children to help provide them with a healthy and warm atmosphere where they can socialize more.

Address: 10a Abay St., corner of Furmanov St., below the French House – Acting School “Game”.
Time: 14: 00-16: 30
Date: Monday, Friday.

Registration:
https: //docs.google.com/forms/d/1qYLdiK9i04u0QiPHsWelOzE6slDqTkAm3zZ1wknVonE/edit

For all questions:
+7 701 739 60 02 – Sergey, Komanda SOS;
+7 701 555 26 32 – Aigerim, Autism will win.

Find Your Way

img
(Рус) Эмоции Find Your Way С самого начала организации проекта, мы сразу осознали всю его значимость, ведь ее тема весьма актуальна в наши дни. Нам удалось довольно быстро договориться со всеми спикерами, которых хотели бы увидеть на мероприятии, выбрали темы и начали заниматься сайтом. Уже при регистрации, участники, заполняя графу "ваши ожидания о проекте" кто-то писал, что ожидает бомбическую атмосферу, а кто-то отвечал, что не имеет право что-то ожидать. Ведь весь проект организован усилиями добровольцев. Эти слова давали нам дополнительную мотивацию)
Уже непосредственно на событии, школьники и студенты очень внимательно слушали каждое слово спикеров. Многие оставались задать дополнительные вопросы, тем самым группы из 20-30 человек окружали спикера и не давали ему уйти) Что касается спикеров, то показалось, что многим из них проект понравился ещё больше, чем самим участникам. Очень часто слышали фразу "жаль, что в мои школьные и студенческие годы не проводились такие мероприятия". Наконец-то кто-то начал развивать КОРПОРАТИВНОЕ ВОЛОНТЕРСТВО, не в классическом понимании – через благотворительность, а через личностные навыки. Лекции ещё не успели закончиться, как и участники, и спикеры просили уведомлять о всех следующих запланированных программах Komanda SOS (Обязательно будем держать вас в курсе) Отдельно хотим отметить ВОЛОНТЕРОВ, без которых мы бессильны. Спасибо за проведенную работу, переживания, ответственность и атмосферу! День получился очень насыщенным, с особенной атмосферой. Спасибо всем, кто принял в нем участие: КБТУ, спикеры, кейтеринг, волонтёры, участники. Вы лучшие!

Найди свой путь среди тысячи профессий!

Komanda SOS приглашает Вас на проект по профориентации «Find Your Way». Программа мероприятия включает в себя выступления талантливой молодежи, а также опытных сотрудников таких компаний как: The Ritz-Carlton, Coca-Cola, НЕСТЛЕ Фуд Казахстан, АТФ Банк, Almaty Triathlon Federation, Takeda, Колеса Крыша Маркет и др. Именно они поделятся с Вами своим опытом и помогут выбрать будущую профессию. Также специально для Вас, Starbucks проведет бесплатный кофе-брейк! Проходите регистрацию и приходите на мероприятие ;) Участие бесплатно! Место: КБТУ; Дата: 25 ноября; Время: 10.30 – 16.00 Регистрация: http://fyw.volunteer.kz

Find Your Way эмоциялары

Жобаны ұйымдастырудың ең басынан бастап біз оның барлық маңыздылығын түсіндік, себебі тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады. Іс-шарада біз қатысуын қалаған барлық спикерлермен жылдам келісіміге келіп, тақырыптарды таңдап, сайтпен айналысуды бастадық. Тіркеу басталған сәттен бастап қатысушылар формадағы «жобадан не күтесіз?» жолына біреулері ең жоғарғы атмосфера деп жазса, енді бірі бір нәрсе күтуге құқығым жоқ деп жазып жатты. Себебі бүкіл жоба еріктілердің көмегімен ұйымдастырылды. Бұл сөздер бізді жігерлендірді)

Ал іс-шараның өзінде оқушылар мен студенттер спикерлерді мұқият тыңдады. Көбі соңында қосымша сұрақтар қою үшін қалды. 20-30 адамнан тұратын топтар спикерлерді қоршап алып, кетуге мүмкіндік бермеді)

Спикерлердің көбіне жоба қатысушылардан да артық ұнаған болып көрінді. «Менің мектептегі және студенттік жылдарымда осындай шаралардың өткізілмегені өкінішті. Ақыры классикалық қалыптасқан қайырымдылық арқылы емес, жеке тұлғалық дағдылар арқылы КОРПОРАТИВТІК ВОЛЕНТЕРЛІК ІСТІ дамытуды қолға алды» деген фразаларды жиі естідік.

Дәрістер аяқталып үлгермей жатып, қатысушылар да, спикерлер де Komanda SOS-тың келесі жоспарланған бағдарламалары жайлы хабар беруді сұрап жатты. (Міндетті түрде хабарлап отырамыз)

ЕРІКТІЛЕРДІ жеке атап өткіміз келеді. Атқарылған жұмыстар, жауапкершіліктер және жайлы атмосфера үшін алғыс айтамыз!

Күн оқиғаға толы, ерекше атмосферамен өтті.  Ат салысушылардың барлығына көп рахмет: ҚБТУ, спикерлер, кейтеринг, еріктілер, қатысушылар.
Сіздер ең үздіксіздер!

Мыңдаған мамандықтың ішінен өз жолыңды тап!

Komanda SOS Сіздерді «Find Your Way» кәсіби бағдар беру бағдарламасына шақырады.

Іс-шара бағдарламасы талантты жастардың, сонымен қатар келесідей компаниялардың тәжірибелі қызметкерлерінің дәрістерінен тұрады: The Ritz-Carlton, Coca-Cola, НЕСТЛЕ Фуд Казахстан, АТФ Банк, Almaty Triathlon Federation, Takeda, Колеса Крыша Маркет және т.б. Дәл осы адамдар Сіздермен өз тәжірибелерімен бөліседі және де болашақ мамандық таңдауда бағдар береді.

Сонымен қатар, арнайы Сіздер үшін Starbucks тегін кофе-брейк өткізеді!

Тіркеуден өтіп, іс-шараға келіңіз

Қатысу тегін!

Орны: ҚБТУ;
Мерзімі: 25 қараша;
Уақыты: 10.30 – 16.00
Тіркелуhttp://fyw.volunteer.kz

INTERNATIONAL EDUCATION FAIR 2018-2019 ВОЛОНТЕРЛІК КӨМЕК

img

Komanda SOS-тың 70 еріктілері  білім беру көрмесін өткізуге көмектесуде.

Іс-шарада 30-дан астам елдердің жоо мен білім беру орталықтарының өкілдері орналастырылады! Біздің еріктілер жоба делегаттарын алып жүру және толығымен үйлестіру қызметтерін атқаратын болады. Еріктілер көрме қонақтарымен танысып, тек қана орыс және ағылшын тілдерінен ғана емес, сонымен қатар испан, қытай, неміс және де тағы басқа тілдердің аудармасымен көмектеседі.

Қазіргі таңда көрмеде шамамен 700-дей адам. Ал бір күн ішінде олардың саны 3000-нан асады.

____________________________________________________________________________

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» білім беру көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шарада АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің рейтингі жоғары университеттері мен бизнес-мектептері ұсынылатын болады. Көрмеге  2000-нан астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысады деп күтілуде!

Ұйымдастырушылар жоо өкілдеріне көмектесу, көрме қатысушыларына аударма көмегін көрсету, тіркеу өткізу және т.б. қызметтеріне еріктілердің көмегін тарту мақсатында Komanda SOS-қа жүгінді.

Орны:  «Rixos» қонақ үйі;
Мерзімі: 17 қараша;
Уақыты:  09.00 ден 19.00-ге дейін.

Егер де Сіз ерікті ретінде қатысуды қаласаңыз және де ағылшын тілін Intermediate-тен жоғары деңгейде білсеңіз, сілтеме бойынша тіркелуге өтіңіз.

Ескерту* Барлық еріктілерді 2 уақыт тамақтану және алғыс хаттар күтеді.

“ЗДОРОВАЯ АЗИЯ” – БАЛАЛАР ХОСПИСІНЕ КӨМЕК

img

«Здоровая Азия» хосписі — бұл онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қолдау орталығы. Орталықта әр екі аптада орта есеппен 4-ші дәрежедегі қатерлі ісікпен ауыратын 8-10 бала болады. Олардың өмірлерін сәлде болса шаттыққа бөлеу үшін еріктілер іздейміз. Олардың міндеті — балалармен танымдық ойындар ойнау, бірге арт-терапиямен, бимен, музыкамен айналысу, компьютерде жұмыс жасауды, фото және видеотүсірілімнің қыр-сырын  үйрету. Көмек әр күн сайын қажет (кесте талқыланады, демалыс күндері көмек көрсету мүмкіндіктері де бар).

Бірден ескертеміз: орталық Қырғауылды ауылында орналасқан— Алматы обл., Карасай ауд., Самал көш, 40 үй (Саина-Джандосов көш.- 8 км, немесе қала шекарасынан – 1 км қашықтықта). 401, 429, 428 автобустары арқылы жетуге болады, Саина-Джанжосов көш. шамамен 40 минут қашықтықта.

*Ескерту: волонтерлік көмек кезінде еріктілер сау болуы керек (балаларға жұқтырмау үшін).

Волонтерлікке тіркелу
Барлық сұрақтар бойынша:
+7 701 739 60 02 – Komanda SOS;
+7 705 966 40 26 – Здоровая Азия.

АУТИЗМ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСКІҢІЗ КЕЛЕДІ МЕ?

img

«Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерлік көмек

Қазанның 22-ші жұлдызында Komanda SOS еріктілері үшін бірінші ақпараттық-таныстырма дәріс өтті.  Дәріс барысында жобаның үйлестірушілері еріктілермен атқарылатын жұмыстың бағыттарымен, ерекше балалармен араласудың егжей-тегжейімен, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, бізге экскурсия ұсынып, сұрақтарымызға жауап беріп, балалардың театр үйірмесімен танысып, қонақжайлылықтарын көрсетті.

Бүгінгі таңда еріктілер ағымдағы жобаларға атсалысып та кетті. Ал ең белсенділері жаңа үйірмелер ашып та үлгеріп жатыр (әңгіме-дүкен клубы, ағылшын тілі, математика, аспазшылар мен тағы басқалар).

Жобаның мерзімі шектелмегендіктен, еріктілердің көмегі мен қатысуы тұрғылықты түрде қажет.

____________________________________________________________________________

Komanda SOS орталығына «Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерларды іздестіре хабарласты.

– Адамзат аутизмге қарсы дәрі-дәрмек әлі де ойлап тапқан емес. Балаларымызға көмектесудің жалғыз ғана жолы – бұл оларға арнап арнайы орта қалыптастыру. Біздің балаларға, – деп олар жазды, – соның ішінде іс-қимылдың келісімділігін қамтамасыз ететін аса зейін қоюды шынықтыратын дене тәрбиесі өте жағымды. Спортпен шұғылдану ең керегі. Мұнда балалар дененің шектеулігін, психологиялық тежеулерді жеңіп, тұйық оңашаланған орталарынан сыртқа шығуға көмектеседі. Спорттан басқа балаларды түрлі үйірмелерге қатыстырамыз, мысалы театрлық өнер, ағылшын тілін үйрену, т.б.  Біздің орталығымызға қуана қол ұшын созуға дайын ерікті көмекшілерді таба аласыз деген үміттеміз.

Қор спорттық және басқа да үйірмелерді өткізуге даяр волонтерларды іздестіруде. Жасыңыз 18-ден асса, күндізгі саған 10 мен 16.00 арасында уақытыңыз бос болса, волонтер болуға тіркеліңіз.

Мекенжайы:
Новая көшесі, 10-үй (Навои к-мен жоғары қарай)

Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыз:
+7 701 739 60 02 (Сергей – Komanda SOS);
+7 701 555 26 32 (Әйгерім – «Аутизмді жеңеміз» жобасы).

Классикалық шахматтан Қазақстан Кубогының II сатысы – Almaty Open!

img

Достар, Қазақстан шахмат федерацияся қазанның 16-сы мег 23-і аралығында Алматы Опен – классикалық шахматтан еліміздің Кубогының екінші сатысын өткізгелі жатыр.

Волонтерларымызды турнирдің ұйымдастырушысына қол ұшын созуды сұраймыз. Көмектеріңіз келесі бағыттарда қажет:
– қатысушыларды тіркеу

– қатысу жарнасын төлеу (таяу жердегі банк бөлімшесіне барып қайту)

– шахмат фигураларын тақталарда орналастыру

Көмек 16, 18 – 22 қазанда, 13.30-19.00 аралығында,
17 мен 23 қазанда 09.00-ден 18.00-ге дейін қажет.
* ауысымды кезекшілікпен қатысу мүмкін

Республикалық шахмат федерациясынан әрбір волонтер алғыс хатқа ие болады!

Нұсқамалық 15-қазанда сағат 17.00-де өтеді:
Мекенжай: Grand Hotel «Tien-Shan»
Сұрақтарыңыз болса:
+7 701 739 60 02 – Komanda SOS
+7 702 469 46 65 – Жобаның ұйымдастырушысы

ВидеоБайга

img

YouTube фестиваліне волонтерлар қажет!

ЯркоКросстағы достарымыздың YouTube-тің елімізде өтетін ВидеоБәйге фестиваліне дайындығы барынша жүріп жатыр.  Шараға арнайы шақырылған ТМД елдерінің әйгілі блоггерлері келмекші.

Ұйымдастырушыларға волонтерлердің көмегі колл-центр мен өтінімдерді қабылдап, тіркеуге қажет болып жатыр.  Аптасына бірнеше рет 2-3 сағаты бар волонтерларды иісі мұңқыған кофесі бар жұмыс үстелі күтуде.

Тіркелу үшін осы сілтемемен өтіңіз.

Образовательный проект “Today I Learned”

img

Фонд им. академика Шахмардана Есенова (Команда SOS) в рамках «Есеновских чтений» совместно с LinguaHub представляет новый образовательный проект – «Today I Learned» (TIL).

Вы узнаете, как вам может пригодиться знание языков в современном мире.

Мы специально позвали для вас:
– атташе по вопросам сотрудничества при посольстве Франции в Казахстане;
– представителя HeadHunter;
– главного редактора Neupusti Group;
– преподавателей лучших образовательных центров Алматы.

Speaking Clubs проекта TIL будут проходить на 8 языках: английском, русском, казахском, немецком, испанском, французском, корейском и китайском. Там вы узнаете:
– Как правильно изучать иностранные языки;
– Как создавать резюме и проходить собеседование;
– Как сдавать международные тесты, писать мотивационные письма и многое другое.

И самый важный для будущих студентов навык – варить правильный кофе –  вы тоже освоите, с помощью специалистов из Starbucks!

В программе TIL, конечно же, кофе-брейк и…  Внимание! Розыгрыш сертификатов на обучение иностранным языкам!

Регистрируйся: http://intertest.kz/TIL

До встречи 6 октября в КИМЭПе!

Special Olympics

img

2 жобаға волонтерлар қажет!

  1. Қыркүйектің 11-12 күндері зияттық мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың арасында мини-футболдан SENI CUP Футбол Лигасының чемпионаты өтетін болады.

Чемпионатқа Талғар және Ысық елді мекендеріндегі арнайы интернаттар мен жанұяларда тұрып жатқан азаматтардан құралған 12 команда қатыспақшы. Қазақстанның ең үздік командасы алдағы жылы Польшада өтетін халықаралық SENI CUP 2019 турнирінде еліміздің байрағын желбіретеді.

Өту орны: Орталық стадион (қосымша алаң)
Уақыты: 09.00-15.00
Қажетті волонтерлардың саны: 10-15 адам

2) Ақыл-ойы шектеулі, аутизм, балалар милық салдануы және Даун синдромы бар балаларға арналған жазғы спорттық-сауықтыру лагері.

Кемп Шрайвер(Camp Shriver) атты ерекше мұқтажды балаларға арналған лагерь Алматыда дәстүр бойынша осы маусымда тағы бір мәрте өтетін болады.

Лагерьдің мақсаттары:

  1. Бұрын-соңды қатыспаған жанұяларды, мұқтажы бар балаларды спортқа еліктіру және лагерді өткізудегі жиналған тәжірибені әрі қарай жетілдіру;
  2. Балаларды берік татулыққа бөлеп, өзара және волонтерлермен дос болуға, лагерь аяқталғаннан кейін осындай қатынасты әрі де жалғастыруға көмектесу;
  3. Спорттың жаңа түрлерімен танысу, жаңа спортшылар мен олардың жанұяларын спортқа қатыстыру.

Өту орны: Оқушылар Сарайы
Күні мен уақыты: қыркүйектің 10-20 аралығында
Қажетті волонтерлар саны: 20-25 адам
Шараның ұзақтығы: күнделікті 09.45-12.30
Әрбір волонтер алғыс хатпен марапатталады.
Сұрақтарыңыз туындап жатса, келесі телефон нөмерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
8 701 372 54 97
8 705 161 83 35
8 701 739 60 02

Тіркелу үшін келесі сілтемеге басыңыз: https://docs.google.com/forms/d/1B0BSmEjjYwJ2CdjT-kf9Y4G00Vk5ptqE64BFQaoQFpQ/edit

Триатлоннан және дуатлоннан Алматы чемпионатына волонтерлар!

img

Триатлон және дуатлон спорттық тәртіптерінен Алматы қаласының чемпионаты “Алматы Арена” мұз айдыны кешенінде осы жылдың 2-ші қыркүйегінде өтпек.
Триатлон супер-спринт: 300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру.
Дуатлон: 2 км жүгіру, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру.

Волонтерлар тамақтану пунктерінде, бағыттаушылар ретінде және басқа да ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуге қатысады. Кіріспе нұсқамалық кешенде жүргізіледі.

Күні: 2 қыркүйек
Уақыты: 06.30

Барлық волонтерлар тамақпен қамтамассыздандырылады. Сөре сатысының өткізілуіне қарай, сонымен қатар алғыс хаттар да беріледі.

Боғыты Марафоны

img

Боғыты Марафоны

Қыркүейктің 1 мен 3 аралығында БОҒЫТЫ экологиялық жобасына көңіл аудары мен қолдау мақсатында марафон – жүгіру жарысы өтеді.

Шараны өткізуде волонтерлардың келесідей көмегі қажет: маршалдар – 25 адам, аға-маршалдар – 4 адам. Жүгіру бағдарымен танысып, үйрену үшін маршалдар үзбестен 3 күн, ал аға-маршалдар 7 күн өткізуге дайын болулары керек.

Өту орны: Боғыты таулары (Шелек ауылынан аса)
Өту күні: 1-3 қыркүйек

Волонтерларға қойылатын талаптар мен шарттар:
Әрбір волонтер алғыс хат + жабдық пен киім-кешек + тамақтанумен қамтамассыз етіледі.
Маршалдар күнделікті 25 АҚШ долларын алады. Талаптар: ең кемінде ауызша ағылшын тілі деңгейіне ие болу, шатыр, спальник, тұтас 3 күн.
Аға-маршалдар күнделікті 50 АҚШ долларын алады + тұру. Талаптар:  ең кемінде ауызша ағылшын тілі деңгейіне ие болу, тұтас 7 күн қолжетімді болу.

Сұрақтарыңыз болса: +7 707 733 1501  Асқар

«7 ҮШІН 7» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

img

115 ЕРЕКШЕ БАЛА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН

Волонтер және триатлет Сергей Левадний 7 күн ішінде 13,3 км суда жүзіп, 147,7 км жүгіріп, 630 км велосипедпен жүріп өтті (жалпы 791 км). Ол Ironman-ның жарты форматының дистанциясын күн сайын жүріп өту бойынша міндеттемені өз мойнына алып, оны орындады. «7 үшін 7» акциясынқазақстандық мегаполистің тұрғыны ерекше қажеттіліктері бар 100-ден астам балаға мектепке дайындықты ұйымдастыра алды.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, балалар милық салдануға, Даун синдромына, аутизмге және құлақ есту бұзылыстарына шалдыққан балалар акцияның бенефициарлары болды.

— Мен өзім баяғыдан бері спорттық сын-тегеурінге лайықты жауап табамын деп ойлап жүрдім, алайда жеке мақсатымды қоғамдық маңызды мақсаттармен біріктіргім келді. Мен академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының әріптестеріме жүгіндім, және де біз «7 үшін 7» жобасын ойлап таптық. Өткізу күні жаздың аяғына белгіленді, және де мақсаты өз бетімен анықталды – балаларды мектепке дайындау. Біз аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, күрделі диагноздары бар балаларға жәрдемдесуді шештік. Сондай-ақ, мектеп жиынтықтарын табыстаған кезде олардың қуанышты жүздеріне қарап, біздің қолдарымыздан келгенін көрдік, — деп бөлісті Komanda SOS еріктілер орталығының үйлестірушісі Сергей Левадний.

Акцияның спорттық бөлігінің басталуымен бірге балаларға арналған мектеп жиынтықтарын (жолдорбалар, дәптерлер, қаламсаптар, қаламдар, пластилин, бояулар және т.б.) жинау жарияланды. Акцияға бейжай қарамайтын қазақстандықтар қатысты. Алматылық Александра КомлеваГалина КириянАлия Жадраева қаражаттың жинауын және мектеп жиынтықтарының сатып алуын өздері ұйымдастырды. Сонымен қатар «7 үшін 7» акциясына бірнеше қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Қала тұрғындарының және бизнес өкілдерінің ықыластылығы арқасында 115 балаға арналған жиынтықтар жиналып, бүгінгі күні мектеп оқушыларына табыс етілді.

— Осы балалардың көбірек бөлігін бір ғана ата-анасы, негізінде анасы тәрбиелейді. Олардың арасында қамқоршы ата-аналармен бірге тұратын жетім балалар да бар. Балалардың жасы 6-дан 15 жасқа дейін. Олар арнайы түзету мектеп-интернаттарында оқиды, кейбіреулер үйде оқытылады. Олардың көбісінің, өздерінің физикалық мүмкіндіктері салдарынан, бұған қоса спортпен айналысатыны жайлы атап өткен жөн, — деп хабарлады Галина Ильина, бенефициарларды анықтауға көмек көрсеткен Special Olympics алматылық филиалының директоры.

15 жастағы Даун синдромымен ауыратын қызын тәрбиелеп отырған, Ирина Жуковская өз әңгімесінде:
— Мен өзім оңалту орталығында жұмыс істеймін. Қаражатымның басым бөлігі ақылы дәрігерелер мен ем қабылдауға кетеді. Қазіргі таңда біздің қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалар өте көп. Біз ол балаларға қандайда бір шектеулер қоймай, қоғамға енгізуге тырысамыз. Ал осындай акциялар бізге қолдау көрсетеді. Мәселе мектеп жабдықтарында немесе сыйлықта емес, бейтаныс адамның сенің балаңа қамқорлық көрсетуінде. Қатыгез әлемде осындай мейірімді адамдардың бар екені қуантады.

Алматылық триатлон федерациясы акцияға консультациялық және ақпараттық қолдауды жүзеге асырды. Оның басшысы, өзі жуырда Даниядағы Ironman дистанциясынан сәтті өткен Ғалымжан Есеновтың айтуы бойынша, «осындай челленджді, Сергейдің өз мойнына алған осындай міндеттемелерді әрбір спортшы еңсере алмайды, ал 23 жастағы бұл спортшы жеңіп шықты, және де ең бастысы, ол, әсіресе, ата-аналары мектепке дайындауға мүмкіндігі болмайтын, ерекше қажеттіліктері бар балалар жайлы әңгіме болған кезде, осыны жасаудың керемет екенін адамдардың назарына салды.»

____________________________________________________________________________

— Идея халықаралық тәжірибеден келді. Онда спортшылар қайырымдылық мақсаттарында аса ұзақ дистанцияларды жиі жасайды. Мен мүгедек балалардың мектепте және үйде жақсы оқуы үшін қажетті нәрсенің барлығы болғанын қалаймын. 7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын жасауға уәде беремін (жүзу — 1,9 км, веложарыс — 90 км, жүгіру — 21,1 км). Бұл спорттық бағдарламаны күн сайын күннің екінші жартысында орындаймын. Біз барлығымыз бірге балаларды мектепке дайындаймыз деп сенемін, – деп, С.Левадний жоспарларымен бөлісті.

Акцияның әрбір күні алматылық тұрғын қала бойымен жүгіріп, велосипедпен жүріп, бассейнде дистанцияны жүзіп өтіп, оны көретін барлық адамдардың назарын зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі, милық салдануға, Даун синдромына, аутизмге және құлақ есту ауытқуларына шалдыққан балаларды мектепке дайындау проблемасына аудартуға үміттенеді.

— Сергей идеясымен бөлісіп, бізге жүгінді, және де біз ата-аналар үшін баланы мектепке жинау – аса ауыр соғатын балалардың тізімін дайындадық. Осындай ата-аналардың кейбіреулерінде мүгедектік бойынша жәрдемақы – күн көрудің жалғыз көзі болып табылады. Себебі, олар сырқат балаларын күту үшін жұмыстарын тастауға мәжбүр болады. Біз сонымен қатар ұйымдастырушыларға дәл қандай кеңсе тауарлары қажет екенін хабарладық, — деп айтты Алматы қ. «Спешиал Олимпикс» ҚБ филиалының директоры Галина Ильина.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Komanda SOS еріктілерді үйлестіру орталығы Сергейге спорттық киім-кешекті ұсынып, ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетті. Алматы триатлон федерациясы (АТФ) акцияға техникалық қолдау көрсетеді және төрешілік бақылау жүргізеді.

— 7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын орындау – аса қиын міндет, – деп санайды белгілі қазақстандық Ironmanтриатлоншы және бапкер Максим Мазур. — Бұған әрбір спортшының әлі келе бермейді. Бірақ мен Сергейді жігерлі, рухы мықты триатлет ретінде білемін. Сондай-ақ, оның физикалық дайындығы өте жақсы, сондықтан да, оның қолынан келеді деп сенемін!

Қайырымдылық акцияның бірінші күнінен бастап – 20 тамызда – мектептік кеңсе керек-жарақтарын жинау басталады (сөмкелер, дәптерлер, қаламдар, дәптерлер мен кітаптарға арналған қаптар және т.б.). Алматының ең ірі фитнес-клубы қайырымдылық тапсырылатын керек-жабдықтарды қабылдау орталығына айналмақ. Қазақстандық мегаполистің әрбір бей-жай қарамайтын тұрғыны немесе қонағы балаларды мектепке дайындауға жеке ат салыса алады. Бұл үшін Алматыда мына телефон арқылы Komanda SOS қызметкерлерімен байланысу жеткілікті: +7 727 346 92 88. Мектептік жиынтықтарды жинау 28 тамызда аяқталады, ал 29 тамызда оларды ерекше қажеттіліктері бар балаларға табыстау жоспарлануды.

Бұл Сергей Леваднийдің бірінші қайырымдылық акциясы емес. Екі жыл бұрын ол қайырымдылық ультратриатлонның көмегімен Алматының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 48 оқушыны мектепке дайындауға көмек көрсетуді ұйымдастырған болатын.

 

#7за7 #7for7 #7үшін7 #KomandaSOS #фондесенова #yessenovfoundation#almatytriathlon #almatytriathlonfederation 

 

Шахматтан мүгедек спортшылар арасындағы біріншілік

img

Шахматтан мүгедек спортшылар арасындағы біріншілік

Осы жылдың шілденің 21 жұлдызында “Алматы” спорттық клубының шахматтан көру және есту мүшелері зақымданған спортшылар арасында халықаралық шахмат күніне арналған біріншілігі өтті.

Шара аясында “Komanda SOS” Еріктілерді үйлестіру орталығы жарысты өткізуде қол ұшын созды – 5 ерікті азаматтарымыз көмегін аяған емес.

Біріншілікке қатысқан спортшылардың өткен шараның ұйымдастыру сапасы көңілдеріне жағып, мәз-мейрам қайтты. Осындай шаралар алдағы уақытта жиірек өткізіледі деп біз де үміттенеміз.

————-

Шахматтан біріншілік өткізу үшін волонтерлар қажет!

Шілденің 21-нде “Алматы” спорттық клубының халықаралық шахмат күніне арналған біріншілігі көру және есту мүшелері зақымданған спортшылар арасында өтеді.

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 214-үй, Мұратбаев көшесінің қиылысы.
Уақыты: 09.30-17.00

3 волонтерді күтеміз – шара барысында толық тамақтану мен қосқан үлестері үшін аяқталуында алғыс хат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу телефоны: +7 701 739 6002 – Сергей

Триатлоннан Азия Кубогы

img

Циклдік жас спорт – триатлон соңғы кездері жоғары қарқынмен дамып келуде.

Алматыда алғаш рет тамыздың 4-5 аралығында өткелі отырған триатлоннан Азия Кубогы (ASTC Asian Cup) – бұл құрлықтың ірі шараларының бірі. Сынға 130-ға жуық түрлі елден спортшылар келетін болады.

Қатысушылар келесі қашықтықтарда жарысады:
Спринт – 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіру;
Стандартты – 1,5 км жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіру.
Осы шараға арнайы волонтерлерді іздестірудеміз. Қойылатын талаптар:

  • Ағылшын тілі upper-intermediate деңгейінен кем емес,
  • Волонтер ретінде бұрын соңды жұмыс жасау тәжірибесінің болуы,
  • Шетелдіктермен араласып, көмек көрсету тәжірибесінің болуы.

Барлығы 150 еріктіні іріктеп аламыз. Әрқайсыңызға футболка беріп, тамақпен қамтамасыз етеміз. Шараның сәтті аяқталуымен әр волонтер сертификатқа да ие болады.

SPECIAL OPLYMPICS 2018 ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ

img

Special Olympics Kazakhstan ұйымы 27 жылдан бері ақыл-ойы шектеулі балалардың олимпиадалық спорттың 18 түрінен жүйелі жаттығуы арқасында оңалтуы мен бейімделуімен айналысып келеді. Бұл игі іс – Special Olympics қозғалысы – АҚШ-та 1968 жылы Кеннеди жанұясының бастамасымен пайда болып, Қазақстанға да жеткен еді. Мейірімді жандардың арқасында демеушілік алып отырған Special Olympics Kazakhstan қозғалысы еліміздің барлық облыстарындағы шамамен 7 500 мүмкіндігі шектеулі спортшыларды біріктіреді.

Лагерьдің мақсаты:
1.бұрын-соңды қатыспаған жанұяларды, мұқтажы бар балаларды спортқа еліктіру;
лагерьде балаларды берік татулыққа бөлеп, бір бірімен, волонтерлармен дос болып,
2. лагерь аяқталғаннан кейін де өзара қатынасып тұруға атсалысу;
3. спорттың жаңа түрлерін үйреніп-білу және жаңа спортшылар мен жанұяларды тарту.

Осы жылы да Camp Shriver ақыл-ойы шектеулі балаларға арналған жазғы спорттық-сауықтыру лагері тағы бір мәрте Haileybury Almaty халықаралық мектебінің қабырғасында өтпекші. Қатысатын 80 бала мен оларды спортпен әуестенуге еліктейтін 10 жаттықтырушы және лагерьдің өтуіне көмектесуге 35 волонтер келеді. Жас спортшылардың таңдауына спорттың 5 түрі ұсынылады: мини-футбол, бадминтон, баскетбол және бочче мен флорбол секілді жаңа спорт түрлері де бар.

Волонтерлардың лагердегі жұмыс уақыты: күнделікті таңғы 09.30 бен түскі 13.30 сағат арасында. Сенбі мен жексенбі – демалыс күндері.

Волонтер болып қатысамын десеңіз – мына жерде тіркелу қажет.

ЯРКОкросс

img

10 маусым, Almaty Arena мұз сарайында ЯРКОкросс Magic фестивалі өтті.
ЯРКОкросс – бұл жылдың ең көрнекті, спортқа деген құмарлық, қайырымдылық пен сүйіспеншілік тоғысқан шарасы.

Қардай аппақ жиде кие қатысушылар сөреден лап берсе, мәреге кемпірқосақтың жарқын түстеріне боялып – жүгіріс қашықтығының бойында түрлі-түсті бояу ұнтақтарын волонтерлар жаудырады – ала жаулы жүгірушілер көтеріңкі райда жетеді.

Фестиваль 5 мыңнан астам адам жинады; олардың көбі, әрине, балалар. Маусымның ең жарқын шарасы әр қатысушыны қуаныш сезіміне бөлеп, көңілде қалатыны сөзсіз.

«Команда SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы да шараға өз үлесін қосты – волонтерларды жинап, дайындап, шараға жеткізді.
Нақтылап айтсақ, орталық волонтерларға нұсқама өткізіп, жүгіріс аясында еріктілердің жұмысын үйлестіріп отырды.

Шарада еріктілеріміз концерттік зонада көмектесіп, сөре мен мәре аумағында, серіктестермен байланыс орнатуда, бояуға шомылдыру нүктелерінде атсалысты.

Барлығы 115-тен астам волонтер көмекке келіп, баршаға ұмытылмас бір күн сыйлады.

Фестивальдің барлық фотоларын мына жерден таба аласыз.

 

 

 

 

 

Сайран көлінде тазалау жұмыстары

img

Сайран көлінде тазалау жұмыстары

Алматы триатлон федерациясы мен Алматы Марафоны бастамашылығымен ұсынылған бұл шараны “Жасыл Ел” жастар саясаты бағдарламасы, Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры, Алматы және де Әуезов пен Алмалы аудандарыны әкімдіктері, №14 БЖСМОР қолдау көрсетті. Триатлон федерацисының өкілі “Әлеуметтік маңызды шара “Таза қалада ашық өмір!” ұранымен су қоймасының жағалауына 270 еріктінің басын қосты. Нәтижесінде бес жүк көлігі көлемінде қоқыс жиналып, көл аймағынан шығарылды. Бұл шараның маңыздылығы – бұл қала тұрғындарына келер Азия кубогы жайлы хабар таратып, қоршаған ортамыздың тазалылғына бір кісідей атсалысуға, аялауға назарларын аудару,” – деп бөлісті.

Триатлоннан Азия Кубогы (АSTС Asian Cup) Алматыда келер тамыздың 4-5 жұлдыздарында Сайран көлінде орын алады. Құрлықтың ірі сындарының бірін өткізу қаламызға алғаш рет сеніп тапсырылып отыр. Азияның триатлон конфедерациясы 29 елдің азаматтарын жинаған әлемнің спортшылар саны жағынан ең ірі ұйымы. Азия Кубогына 130-дан астам кәсіби триатлеттердің қатысуы күтілуде.

 

Таза орта – таза су!
6 маусым – Сайран көлінде тазалау жұмыстары!
Төле би көшесінен кірме жолмен шығыс жағалауда кездесейік!

Команда SOS орталығы қаламыздың әрбір тұрғынын Сайран көлін 6 маусым күні бірлесе күш жұмылдырып, тазалауға шақырады!

Бұл әлеуметтік шара триатлоннан Азия Кубогы жаһандық спорттық сынын өткізу аясында ұйымдастырылуда. Тазалау жұмыстарын өз үлесін қосуға дайындығын білдіргендендің қатарында Алматы қаласының қоршаған ортану басқару, қала әкімдігі аппараты өкілдері мен спортшылар және студенттер де бар. Барлық қатысушылар құрал-сайман мен қолғаппен қамтамасыз етіледі.

Бірегей алматылық жасанды Сайран су қоймасы – бұл қала көпшілігінің сүйікті демалыс орны. Маңызы зор жобаның сен де бір қатысушысы бол!

Музей түні

img
Қаланың өнерлі өмірінің ерекше көріністерінің бірі – Ә.Қастеев мұражайы жыл сайын өткізетін «Музей түні».

Требуются волонтеры, на художественно-культурное событие — «Ночь в Музее», проводимое Музеем имени Кастеева (г.Алматы), которое пройдет в эту пятницу (18 марта).

Ссылка на регистрацию:
https://docs.google.com/forms/d/1kKQFSSDgntPco5PZXfvdFBlUDvg5cjBeGvoodgVGwu4/edit

Всем волонтерам, желающим добровольно помочь данному мероприятию, прошу ознакомиться с указанной информацией, заполнить анкету и прийти на инструктаж в Музей им.Кастеева В ЭТОТ ЧЕТВЕРГ (17 МАРТА) В 16.45 (инструктаж пройдет до 18.00).

Волонтеры требуются на 2 события:
1) Проведение квест-тура. Необходимо стоять рядом с табличками, чтобы их не содрали около 2-3 часов. При необходимости направлять участников квеста. Вас отвезут на место участие, а также предоставят воду и немного еды для небольшого перекуса. Могут участвовать все желающие. Требуется примерно 10 человек. Время волонтерской помощи с 15.00 до 20.00;
2) Помощь в проведения события непосредственно в Музее имени Кастеева по разным организационным вопросам (перетащить аппаратуру, направить участников и т.д.). Требуется примерно 5 парней. Время волонтерской помощи с 18.00 до 22.00.

Для справки:
«Ночь в музее» — это уникальное художественно-культурное событие, проводимое музеем Кастеева ежегодно и приуроченное к международному празднику Дня музеев. Только один раз в год все музеи мира одновременно открывают свои двери для посетителей в ночное время. Основным девизом «музейной ночи» всего мира является открытость и доступность для зрителей. Согласно ей, основной целью праздничной художественно-культурной акции «Ночь в музее Кастеева» является популяризация разных видов искусства и привлечение внимания горожан к музейным программам.  В связи с этим, в течение всей ночи вход в музей бесплатный. «Ночь в музее Кастеева» — не только любимое место встречи алматинцев, но и крупнейший в Казахстане фестиваль искусств, собирающий от 3000 до 5000 гостей ежегодно.