INTERNATIONAL EDUCATION FAIR 2018-2019 ВОЛОНТЕРЛІК КӨМЕК
Komanda SOS-тың 70 еріктілері білім беру көрмесін өткізуге көмектесуде.
Іс-шарада 30-дан астам елдердің жоо мен білім беру орталықтарының өкілдері орналастырылады! Біздің еріктілер жоба делегаттарын алып жүру және толығымен үйлестіру қызметтерін атқаратын болады. Еріктілер көрме қонақтарымен танысып, тек қана орыс және ағылшын тілдерінен ғана емес, сонымен қатар испан, қытай, неміс және де тағы басқа тілдердің аудармасымен көмектеседі.
Қазіргі таңда көрмеде шамамен 700-дей адам. Ал бір күн ішінде олардың саны 3000-нан асады.
____________________________________________________________________________
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» білім беру көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шарада АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің рейтингі жоғары университеттері мен бизнес-мектептері ұсынылатын болады. Көрмеге 2000-нан астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысады деп күтілуде!
Ұйымдастырушылар жоо өкілдеріне көмектесу, көрме қатысушыларына аударма көмегін көрсету, тіркеу өткізу және т.б. қызметтеріне еріктілердің көмегін тарту мақсатында Komanda SOS-қа жүгінді.
Орны: «Rixos» қонақ үйі;
Мерзімі: 17 қараша;
Уақыты: 09.00 ден 19.00-ге дейін.
Егер де Сіз ерікті ретінде қатысуды қаласаңыз және де ағылшын тілін Intermediate-тен жоғары деңгейде білсеңіз, сілтеме бойынша тіркелуге өтіңіз.
Ескерту* Барлық еріктілерді 2 уақыт тамақтану және алғыс хаттар күтеді.