SPECIAL OPLYMPICS 2018 ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ

img

Special Olympics Kazakhstan ұйымы 27 жылдан бері ақыл-ойы шектеулі балалардың олимпиадалық спорттың 18 түрінен жүйелі жаттығуы арқасында оңалтуы мен бейімделуімен айналысып келеді. Бұл игі іс – Special Olympics қозғалысы – АҚШ-та 1968 жылы Кеннеди жанұясының бастамасымен пайда болып, Қазақстанға да жеткен еді. Мейірімді жандардың арқасында демеушілік алып отырған Special Olympics Kazakhstan қозғалысы еліміздің барлық облыстарындағы шамамен 7 500 мүмкіндігі шектеулі спортшыларды біріктіреді.

Лагерьдің мақсаты:
1.бұрын-соңды қатыспаған жанұяларды, мұқтажы бар балаларды спортқа еліктіру;
лагерьде балаларды берік татулыққа бөлеп, бір бірімен, волонтерлармен дос болып,
2. лагерь аяқталғаннан кейін де өзара қатынасып тұруға атсалысу;
3. спорттың жаңа түрлерін үйреніп-білу және жаңа спортшылар мен жанұяларды тарту.

Осы жылы да Camp Shriver ақыл-ойы шектеулі балаларға арналған жазғы спорттық-сауықтыру лагері тағы бір мәрте Haileybury Almaty халықаралық мектебінің қабырғасында өтпекші. Қатысатын 80 бала мен оларды спортпен әуестенуге еліктейтін 10 жаттықтырушы және лагерьдің өтуіне көмектесуге 35 волонтер келеді. Жас спортшылардың таңдауына спорттың 5 түрі ұсынылады: мини-футбол, бадминтон, баскетбол және бочче мен флорбол секілді жаңа спорт түрлері де бар.

Волонтерлардың лагердегі жұмыс уақыты: күнделікті таңғы 09.30 бен түскі 13.30 сағат арасында. Сенбі мен жексенбі – демалыс күндері.

Волонтер болып қатысамын десеңіз – мына жерде тіркелу қажет.