Жаңалықпен бөлісіңіз:
Ерікті болам десең
Әлеуметтік маңызды жобаларды өткізуге ерікті түрде атсалысам деуші әрқайсыңызға есігіміз ашық!
Ол үшін шағын сауалнаманы толтыру қажет:
– жеке тұлға ретінде қатысам десеңіз өз атыңыздан, ал
– әріптестеріңізбен бірге ұйымның атынан қатысам десеңіз, заңды тұлға ретінде.
Бірінші қадамда берілген келісімнің мәнімен танысып, волонтердің сауалнамасын өз атыңыздан толтырып, бізде ұсынылып отыратын жобаларға қатыссаңыз, өте риза боламыз. Волонтерлік жұмыстың ерік қалауымен орындалатынын және де әдетте өтеусіз болатынына назар аударуды сұраймыз.
Бірінші қадамда берілген келісімнің мәнімен танысып, волонтердің сауалнамасын өз ұйымыңыздың (заңды тұлға) атынан толтырып, бізде ұсынылып отыратын жобаларға қатыссаңыз, өте риза боламыз. Волонтерлік жұмыстың ерік қалауымен орындалатынын және де әдетте өтеусіз болатынына назар аударуды сұраймыз.
Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:
Бұл Келісім бос орындарды іздейтін электрондық онлайн жүйесі арқылы өтінім тапсырған мекеме (бұдан әрі – «Пайдаланушы») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Орталық ықтимал пайдалунышылардың сауалнамада/түйіндемеде ұсынған дәл емес ақпараты үшін жауап бермейді.
Заңды тұлға Орталыққа өзінің қызметкерлерінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған олардың бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей ҚР заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін осы қызметкерлердің келісімін алғандығына өз кепілдігі мен келісімін береді. Заңды тұлға Орталықтың жоғарыда аталған бейнелерді пайдалануына байланысты туындаған өз қызметкерлерінің барлық наразылықтары бойынша өздігінен жауапты болуға міндеттенеді.
Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:
Бұл Келісім бос орындарды іздейтін электрондық онлайн жүйесіне өтінім тапсырған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін ықтимал волонтер (бұдан әрі – «Заңды тұлға») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
2.1. Заңды тұлға тиісті құжаттарға сілтемемен, өзінің заңды тұлғасының қызметі туралы құпия немесе жасырын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
2.2. Заңды тұлға komandasos@gmail.com мекенжайы бойынша электрондық базадан пайдаланушыны шығару жөнінде сұраныспен еркін түрде өтінішті жолдап, www.volunteer.kz аталған сайтында қызметін тоқтатуға құқылы.
2.3. Заңды тұлға www.volunteer.kz сайтының барлық ресурстарын пайдалануға, яғни басқа да позициялар бойынша қосымша сұрау салуларды орналастыруға, сайттың форумын пайдалануға, жаңалықтар жіберілімін алуға, орталықтың ашық іс-шараларына қатысуға құқылы.
2.4. Заңды тұлға «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жүйесімен ұсынылған қандай-да бос волонтерлік жұмыс орнына келісуге немесе келіспеуге өздігінен шешім қабылдауға құқылы.
3.1. Заңды тұлға бос емес жұмыс орындары туралы сайттың үйлестірушісіне komandasos@gmail.com поштасына жазбаша уақытылы хабардар етуге міндетті.
3.2. Заңды тұлға тексерілген, сенімді, объективті және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.3. Заңды тұлға сапалы кері байланыс үшін сенімді байланыс ақпаратын ұсынуға міндетті.
3.4. Заңды тұлға өзінің қызметі туралы, сонымен қатар қалаулы волонтерлік бос орын туралы барынша кең, мағыналы, толық ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.5. Осы сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасау міндет.
Заңды тұлға Орталыққа өзінің қызметкерлерінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған олардың бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей ҚР заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін осы қызметкерлердің келісімін алғандығына өз кепілдігі мен келісімін береді. Заңды тұлға Орталықтың жоғарыда аталған бейнелерді пайдалануына байланысты туындаған өз қызметкерлерінің барлық наразылықтары бойынша өздігінен жауапты болуға міндеттенеді.
Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:
Бұл Келісім бос орындарды іздеуге арналған электрондық онлайн жүйесіне өтінім тапсырған ықтимал Волонтер (бұдан әрі – «Волонтер») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
2.1. Волонтер өз қызметі жайлы жасырын немесе құпия ақпаратты ұсынудан бас тартуға құқылы;
2.2. Волонтер осы www.volunteer.kz сайтын қолдануды кез келген уақытта Волонтерді электрондық дерекқордан шығару туралы еркін нысандағы жазбаша өтінішін komandasos@gmail.com поштасына жіберу арқылы тоқтатуға құқылы.
2.3. Волонтер www.volunteer.kz сайтының барлық ресурстарын қолдануға, яғни басқа волонтерлік бос орынға сұрау салу, сайттың форумын қолдану, жаңалықтар алу және де Орталықтың ашық шараларына қатысуға құқылы;
2.4. Волонтер «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жүйесімен ұсынылған қандай-да бос волонтерлік жұмыс орнына келісуге немесе келіспеуге өздігінен шешім қабылдауға құқылы.
3.1. Волонтер вебсайттың үйлестірушісіне таңдалған волонтерлік вакансия жайлы жазбаша komandasos@gmail.com поштасына уақытылы хабардар етуге міндетті. Кері жағдайда сайт үйлестірушісі бос емес орынға волонтерді іздестіруді беймәлім жалғастыра береді.
3.2. Волонтер тексерілген, сенімді, объективті және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.3. Волонтер сапалы кері байланыс үшін сенімді байланыс ақпаратын ұсынуға міндетті.
3.4. Өзінің қызметі туралы, сонымен қатар қалаулы волонтерлік бос орын туралы барынша кең, мағыналы, толық ақпаратты ұсынуға міндетті.
3.5. Осы сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасау міндет.
Волонтер Орталыққа өзінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін өз келісімін береді.