Ерекше қажеттіліктері бар балаларды Абу-Дабиде өтетін ойындарға дайындау

img

“Special Olympics” ҚБ Алматы қаласындағы филиалы  ерекше қажеттіліктері бар балаларды әр түрлі спорт түрлеріне дайындауда. Осы көктемде аталмыш ұйымның тәрбиеленушілері Абу-Дабиде өтетін бүкіләлемдік ойындарға қатысуға аттанады. Жас спортшыларды осындай маңызды жарыстарға дайындау үшін сіздің көмегіңіз қажет.

Егер де Сіз коньки тебе алсаңыз және де балаларды сырғанауға үйретуді қаласаңыз, өтінім қалдырыңыз.  Сабақтар сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 14:30-дан 16:00-ге дейін өткізіледі. Мекен жайы: Өтеген Батыр  көш., Төле Би көш. қиылысы.

Өтінімді келесі сілтеме бойынша  қалдыруыңызға болады.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 771 701 13 09

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: