“ЗДОРОВАЯ АЗИЯ” – БАЛАЛАР ХОСПИСІНЕ КӨМЕК

img

«Здоровая Азия» хосписі — бұл онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қолдау орталығы. Орталықта әр екі аптада орта есеппен 4-ші дәрежедегі қатерлі ісікпен ауыратын 8-10 бала болады. Олардың өмірлерін сәлде болса шаттыққа бөлеу үшін еріктілер іздейміз. Олардың міндеті — балалармен танымдық ойындар ойнау, бірге арт-терапиямен, бимен, музыкамен айналысу, компьютерде жұмыс жасауды, фото және видеотүсірілімнің қыр-сырын  үйрету. Көмек әр күн сайын қажет (кесте талқыланады, демалыс күндері көмек көрсету мүмкіндіктері де бар).

Бірден ескертеміз: орталық Қырғауылды ауылында орналасқан— Алматы обл., Карасай ауд., Самал көш, 40 үй (Саина-Джандосов көш.- 8 км, немесе қала шекарасынан – 1 км қашықтықта). 401, 429, 428 автобустары арқылы жетуге болады, Саина-Джанжосов көш. шамамен 40 минут қашықтықта.

*Ескерту: волонтерлік көмек кезінде еріктілер сау болуы керек (балаларға жұқтырмау үшін).

Волонтерлікке тіркелу
Барлық сұрақтар бойынша:
+7 701 739 60 02 – Komanda SOS;
+7 705 966 40 26 – Здоровая Азия.