Month: Қазан 2018
АУТИЗМ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСКІҢІЗ КЕЛЕДІ МЕ?
«Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерлік көмек
Қазанның 22-ші жұлдызында Komanda SOS еріктілері үшін бірінші ақпараттық-таныстырма дәріс өтті. Дәріс барысында жобаның үйлестірушілері еріктілермен атқарылатын жұмыстың бағыттарымен, ерекше балалармен араласудың егжей-тегжейімен, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, бізге экскурсия ұсынып, сұрақтарымызға жауап беріп, балалардың театр үйірмесімен танысып, қонақжайлылықтарын көрсетті.
Бүгінгі таңда еріктілер ағымдағы жобаларға атсалысып та кетті. Ал ең белсенділері жаңа үйірмелер ашып та үлгеріп жатыр (әңгіме-дүкен клубы, ағылшын тілі, математика, аспазшылар мен тағы басқалар).
Жобаның мерзімі шектелмегендіктен, еріктілердің көмегі мен қатысуы тұрғылықты түрде қажет.
____________________________________________________________________________
Komanda SOS орталығына «Аутизмді жеңеміз» жобасына волонтерларды іздестіре хабарласты.
– Адамзат аутизмге қарсы дәрі-дәрмек әлі де ойлап тапқан емес. Балаларымызға көмектесудің жалғыз ғана жолы – бұл оларға арнап арнайы орта қалыптастыру. Біздің балаларға, – деп олар жазды, – соның ішінде іс-қимылдың келісімділігін қамтамасыз ететін аса зейін қоюды шынықтыратын дене тәрбиесі өте жағымды. Спортпен шұғылдану ең керегі. Мұнда балалар дененің шектеулігін, психологиялық тежеулерді жеңіп, тұйық оңашаланған орталарынан сыртқа шығуға көмектеседі. Спорттан басқа балаларды түрлі үйірмелерге қатыстырамыз, мысалы театрлық өнер, ағылшын тілін үйрену, т.б. Біздің орталығымызға қуана қол ұшын созуға дайын ерікті көмекшілерді таба аласыз деген үміттеміз.
Қор спорттық және басқа да үйірмелерді өткізуге даяр волонтерларды іздестіруде. Жасыңыз 18-ден асса, күндізгі саған 10 мен 16.00 арасында уақытыңыз бос болса, волонтер болуға тіркеліңіз.
Мекенжайы:
Новая көшесі, 10-үй (Навои к-мен жоғары қарай)
Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыз:
+7 701 739 60 02 (Сергей – Komanda SOS);
+7 701 555 26 32 (Әйгерім – «Аутизмді жеңеміз» жобасы).
Классикалық шахматтан Қазақстан Кубогының II сатысы – Almaty Open!
Достар, Қазақстан шахмат федерацияся қазанның 16-сы мег 23-і аралығында Алматы Опен – классикалық шахматтан еліміздің Кубогының екінші сатысын өткізгелі жатыр.
Волонтерларымызды турнирдің ұйымдастырушысына қол ұшын созуды сұраймыз. Көмектеріңіз келесі бағыттарда қажет:
– қатысушыларды тіркеу
– қатысу жарнасын төлеу (таяу жердегі банк бөлімшесіне барып қайту)
– шахмат фигураларын тақталарда орналастыру
Көмек 16, 18 – 22 қазанда, 13.30-19.00 аралығында,
17 мен 23 қазанда 09.00-ден 18.00-ге дейін қажет.
* ауысымды кезекшілікпен қатысу мүмкін
Республикалық шахмат федерациясынан әрбір волонтер алғыс хатқа ие болады!
Нұсқамалық 15-қазанда сағат 17.00-де өтеді:
Мекенжай: Grand Hotel «Tien-Shan»
Сұрақтарыңыз болса:
+7 701 739 60 02 – Komanda SOS
+7 702 469 46 65 – Жобаның ұйымдастырушысы
ВидеоБайга
YouTube фестиваліне волонтерлар қажет!
ЯркоКросстағы достарымыздың YouTube-тің елімізде өтетін ВидеоБәйге фестиваліне дайындығы барынша жүріп жатыр. Шараға арнайы шақырылған ТМД елдерінің әйгілі блоггерлері келмекші.
Ұйымдастырушыларға волонтерлердің көмегі колл-центр мен өтінімдерді қабылдап, тіркеуге қажет болып жатыр. Аптасына бірнеше рет 2-3 сағаты бар волонтерларды иісі мұңқыған кофесі бар жұмыс үстелі күтуде.
Тіркелу үшін осы сілтемемен өтіңіз.