Триатлоннан Азия Кубогы

img

Циклдік жас спорт – триатлон соңғы кездері жоғары қарқынмен дамып келуде.

Алматыда алғаш рет тамыздың 4-5 аралығында өткелі отырған триатлоннан Азия Кубогы (ASTC Asian Cup) – бұл құрлықтың ірі шараларының бірі. Сынға 130-ға жуық түрлі елден спортшылар келетін болады.

Қатысушылар келесі қашықтықтарда жарысады:
Спринт – 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіру;
Стандартты – 1,5 км жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіру.
Осы шараға арнайы волонтерлерді іздестірудеміз. Қойылатын талаптар:

  • Ағылшын тілі upper-intermediate деңгейінен кем емес,
  • Волонтер ретінде бұрын соңды жұмыс жасау тәжірибесінің болуы,
  • Шетелдіктермен араласып, көмек көрсету тәжірибесінің болуы.

Барлығы 150 еріктіні іріктеп аламыз. Әрқайсыңызға футболка беріп, тамақпен қамтамасыз етеміз. Шараның сәтті аяқталуымен әр волонтер сертификатқа да ие болады.