Month: Маусым 2018
Триатлоннан Азия Кубогы
Циклдік жас спорт – триатлон соңғы кездері жоғары қарқынмен дамып келуде.
Алматыда алғаш рет тамыздың 4-5 аралығында өткелі отырған триатлоннан Азия Кубогы (ASTC Asian Cup) – бұл құрлықтың ірі шараларының бірі. Сынға 130-ға жуық түрлі елден спортшылар келетін болады.
Қатысушылар келесі қашықтықтарда жарысады:
Спринт – 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіру;
Стандартты – 1,5 км жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіру.
Осы шараға арнайы волонтерлерді іздестірудеміз. Қойылатын талаптар:
- Ағылшын тілі upper-intermediate деңгейінен кем емес,
- Волонтер ретінде бұрын соңды жұмыс жасау тәжірибесінің болуы,
- Шетелдіктермен араласып, көмек көрсету тәжірибесінің болуы.
Барлығы 150 еріктіні іріктеп аламыз. Әрқайсыңызға футболка беріп, тамақпен қамтамасыз етеміз. Шараның сәтті аяқталуымен әр волонтер сертификатқа да ие болады.
SPECIAL OPLYMPICS 2018 ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
Special Olympics Kazakhstan ұйымы 27 жылдан бері ақыл-ойы шектеулі балалардың олимпиадалық спорттың 18 түрінен жүйелі жаттығуы арқасында оңалтуы мен бейімделуімен айналысып келеді. Бұл игі іс – Special Olympics қозғалысы – АҚШ-та 1968 жылы Кеннеди жанұясының бастамасымен пайда болып, Қазақстанға да жеткен еді. Мейірімді жандардың арқасында демеушілік алып отырған Special Olympics Kazakhstan қозғалысы еліміздің барлық облыстарындағы шамамен 7 500 мүмкіндігі шектеулі спортшыларды біріктіреді.
Лагерьдің мақсаты:
1.бұрын-соңды қатыспаған жанұяларды, мұқтажы бар балаларды спортқа еліктіру;
лагерьде балаларды берік татулыққа бөлеп, бір бірімен, волонтерлармен дос болып,
2. лагерь аяқталғаннан кейін де өзара қатынасып тұруға атсалысу;
3. спорттың жаңа түрлерін үйреніп-білу және жаңа спортшылар мен жанұяларды тарту.
Осы жылы да Camp Shriver ақыл-ойы шектеулі балаларға арналған жазғы спорттық-сауықтыру лагері тағы бір мәрте Haileybury Almaty халықаралық мектебінің қабырғасында өтпекші. Қатысатын 80 бала мен оларды спортпен әуестенуге еліктейтін 10 жаттықтырушы және лагерьдің өтуіне көмектесуге 35 волонтер келеді. Жас спортшылардың таңдауына спорттың 5 түрі ұсынылады: мини-футбол, бадминтон, баскетбол және бочче мен флорбол секілді жаңа спорт түрлері де бар.
Волонтерлардың лагердегі жұмыс уақыты: күнделікті таңғы 09.30 бен түскі 13.30 сағат арасында. Сенбі мен жексенбі – демалыс күндері.
Волонтер болып қатысамын десеңіз – мына жерде тіркелу қажет.
ЯРКОкросс
10 маусым, Almaty Arena мұз сарайында ЯРКОкросс Magic фестивалі өтті.
ЯРКОкросс – бұл жылдың ең көрнекті, спортқа деген құмарлық, қайырымдылық пен сүйіспеншілік тоғысқан шарасы.
Қардай аппақ жиде кие қатысушылар сөреден лап берсе, мәреге кемпірқосақтың жарқын түстеріне боялып – жүгіріс қашықтығының бойында түрлі-түсті бояу ұнтақтарын волонтерлар жаудырады – ала жаулы жүгірушілер көтеріңкі райда жетеді.
Фестиваль 5 мыңнан астам адам жинады; олардың көбі, әрине, балалар. Маусымның ең жарқын шарасы әр қатысушыны қуаныш сезіміне бөлеп, көңілде қалатыны сөзсіз.
«Команда SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы да шараға өз үлесін қосты – волонтерларды жинап, дайындап, шараға жеткізді.
Нақтылап айтсақ, орталық волонтерларға нұсқама өткізіп, жүгіріс аясында еріктілердің жұмысын үйлестіріп отырды.
Шарада еріктілеріміз концерттік зонада көмектесіп, сөре мен мәре аумағында, серіктестермен байланыс орнатуда, бояуға шомылдыру нүктелерінде атсалысты.
Барлығы 115-тен астам волонтер көмекке келіп, баршаға ұмытылмас бір күн сыйлады.
Фестивальдің барлық фотоларын мына жерден таба аласыз.
Сайран көлінде тазалау жұмыстары
Сайран көлінде тазалау жұмыстары
Алматы триатлон федерациясы мен Алматы Марафоны бастамашылығымен ұсынылған бұл шараны “Жасыл Ел” жастар саясаты бағдарламасы, Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры, Алматы және де Әуезов пен Алмалы аудандарыны әкімдіктері, №14 БЖСМОР қолдау көрсетті. Триатлон федерацисының өкілі “Әлеуметтік маңызды шара “Таза қалада ашық өмір!” ұранымен су қоймасының жағалауына 270 еріктінің басын қосты. Нәтижесінде бес жүк көлігі көлемінде қоқыс жиналып, көл аймағынан шығарылды. Бұл шараның маңыздылығы – бұл қала тұрғындарына келер Азия кубогы жайлы хабар таратып, қоршаған ортамыздың тазалылғына бір кісідей атсалысуға, аялауға назарларын аудару,” – деп бөлісті.
Триатлоннан Азия Кубогы (АSTС Asian Cup) Алматыда келер тамыздың 4-5 жұлдыздарында Сайран көлінде орын алады. Құрлықтың ірі сындарының бірін өткізу қаламызға алғаш рет сеніп тапсырылып отыр. Азияның триатлон конфедерациясы 29 елдің азаматтарын жинаған әлемнің спортшылар саны жағынан ең ірі ұйымы. Азия Кубогына 130-дан астам кәсіби триатлеттердің қатысуы күтілуде.
Таза орта – таза су!
6 маусым – Сайран көлінде тазалау жұмыстары!
Төле би көшесінен кірме жолмен шығыс жағалауда кездесейік!
Команда SOS орталығы қаламыздың әрбір тұрғынын Сайран көлін 6 маусым күні бірлесе күш жұмылдырып, тазалауға шақырады!
Бұл әлеуметтік шара триатлоннан Азия Кубогы жаһандық спорттық сынын өткізу аясында ұйымдастырылуда. Тазалау жұмыстарын өз үлесін қосуға дайындығын білдіргендендің қатарында Алматы қаласының қоршаған ортану басқару, қала әкімдігі аппараты өкілдері мен спортшылар және студенттер де бар. Барлық қатысушылар құрал-сайман мен қолғаппен қамтамасыз етіледі.
Бірегей алматылық жасанды Сайран су қоймасы – бұл қала көпшілігінің сүйікті демалыс орны. Маңызы зор жобаның сен де бір қатысушысы бол!