Орталық туралы

«Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы – бұл Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының волонтерлік бағдарламасы. Еріктілердің жігерлігімен әлеуметтік-маңызды істерді орындауға бағытталған бұл бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы ретінде еріктілік қызметін қолдау және дамыту.  Өзіңізді волонтер ретінде байқап көремін деп бір рет те ойланған болсаңыз, біздің орталығымыз волонтерлік қызметі жайлы егжей-тегжейлі айтып беруге, алғашқы қадамыңыда қолдау көрсетуге дайын!

«Команда SOS» Еріктілердің үйлестіру орталығы:
әрбір жеке тұлғаның өз уақытын, дарынын және күш-қуатын ешқандай сыйақы күтпестен жеке және ұжымдық акциялар арқылы басқа адамдарға арнауына мүмкіндік береді;
адамдардың шығармашылық әлеуетін толығымен ашып көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа білім, дағдылар алуына жағдай жасайды;
әркімнің өзіндегі үздік қасиеттерді ашып көрсетуіне мүмкіндік береді;
отбасылық және әлеуметтік құндылықтарды, азаматтық және ғаламдық ынтымақтастықты насихаттайды;
бүкіл қоғамды алда тұрған проблемаларды анықтау және оларды шешу үдерісіне жұмылдырады.

Орталықтың негізгі мақсаттары:
• Волонтерлар (қоғамға жақсы жасауға даяр еріктілер) мен ҮЕҰ (волонтерлармен жұмыс жасауға даяр ұйымдар) бүкіл қоғамның алдында тұрған проблемаларды анықтау және оларды шешу үдерісіне қолдау көрсете алатын алғашқы волонтерларды үйлестіру орталығын ашу;
• волонтерларды қайырымдылық қызметке жұмылдыру, волонтерлардың «Команды SOS» ықпалды тобын құру және қолдау;
• Қазақстанда еріктілік институтын дамыту.

Міндеттер:
-еріктілердің қолдауымен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру;
-ағарту және білім беру жұмыстары;
-аналитикалық, әлеуметтік, тәжірибелік және креативтік жұмыстар;
-мәдениет пен өнер аясында жобалар;
-дәрістер, көрмелер, акциялар, форумдар мен консультациялар және де басқа шаралар;
-қалалық, республикалық және халықаралық бағдарламаларға қатысу;
-мақсаттарымызбен үйлесетін басқа да бейкоммерциялық қызметтің түрлерімен айналысу;
-мемлекеттік органдармен, бизнес пен халықаралық ұйымдармен әріптестік;
-БАҚ-пен әріптестік;
-түрлі салалардағы волонтерлік қызмет.
Еріктілердің үйлестіру орталығының ерікті жобалары:
Шет тілдер оқытушысын даярлау бағдарламасы – бұл «Әлем тілдері – балаларға» атты бағдарлама аясында балалар үйлерінде ағылшын тілі сабақтарын өткізу үшін еріктілерді педагогикалық мамандыққа даярлау бағдарламасы.

«Бапкерлер мектебі» бағдарламасы еріктілердің көшбасшылық, жобалау, тайм менеджмент пен фандрейзингтің негіздері секілді бағыттарда білімділіктері мен дағдыларын арттыруды көздейді.

Алматы Марафоны – бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүрігу жарысы және Орталық Азияның ең ірі спорттық шарасы.

UEFA Кубогының Чемпионаты. Орталық волонтерларды тарту және үйлестіру мәселелері мен фуд-корттың жұмысын ұйымдастыру бағытында таңдаулы топ раунд – UEFA Кубогының ұйымдастырушыларымен серіктес болды.
SOS-сайғақ – бұл Алматы қаласының қазақ тіліді орта білім беру мектептерінің 2-ші сынып оқушыларына, өсіп келе жатқан ұрпақтарда экологиялық сана-сезімді және болашақ үшін жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында жазылған экологиялық сабақтарды өткізу.

«ЛИДЕР XXI ВЕКА» еріктілік бағдарламасы – университеттер мен колледждерге түсу мүмкіншілігін беру үшін Қазақстанның балалар үйлерінің ең жақсы тәрбиеленуші-талапкерлеріне мақсатталған материалды сый тарту.

«Komanda SOS» қайырымдылық аукционы – «Komanda SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы мен «Меломан» желісінің «ДЦП бар балаларды қолдау үшін Англия құрамасының ойыншыларының қолтаңбалары» атты бірлескен жобасы. Қайырымдылық аукцион балалық цебральді параличі бар балаларды қолдау үшін өткізіледі.

“Компьютерлік сауаттылық сабақтары” атты білім беру бағдарламасы – ейнеткерлер мен дүниемүлкі аз отбасыларынан шыққан жастарға компьютерлік сауатсыздықтан құтылу үшін сабақтарды жүргізу.
Уақыттан тыс, стильден тыс, бәсекелестен тыс қайырымдылық шарасы – автормен әрлендірілген креативті футболкалардың шектелген таралымын өндіру бағдарламасы. Футболкалардың сатылуынан жиналған барлық қаражаттар жедел емделуде мұқтаж балаларға жәрдем ретінде жұмсалады.

Ұлттық волонтерлік желінің ақпаратына сүйенсек, әрбір үшінші қазақстандық волонтерлік шараларға бір қатысқаны бар екен.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда волонтерлік қызметті азаматтық қоғамның дамуындағы тәсілдердің бірі ретінде қолдау және ілгерілету.
Өзіңізді волонтер ретінде байқап көремін деп бір рет те ойланған болсаңыз, біздің орталығымыз алғашқы қадамыңызда қолдау көрсетуге дайын!