Шараны жариялау туралы келісім. 1-қадам.

Серіктестігіміздің мейлінше тиімді де нәтижелі болуы үшін төменде көрсетілген серіктестік шарттарын ұстануды сұраймыз:

1. Келісімнің мәні

Бұл Келісім бос орындарды іздейтін электрондық онлайн жүйесі арқылы өтінім тапсырған мекеме (бұдан әрі – «Пайдаланушы») және осы электрондық онлайн жүйесін ұсынатын «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы (бұдан әрі – «Орталық») арасындағы қарым-қатынасты реттейді. 

2. Пайдаланушының құқықтары:

  • Пайдаланушы тиісті құжаттарға сілтемемен өзінің қызметі туралы құпия немесе жасырын ақпаратты ұсынбауға құқылы;
  • Пайдаланушы komandasos@gmail.com мекенжайы бойынша электрондық базадан пайдаланушыны шығару жөнінде сұраныспен еркін түрде өтінішті жолдап, www.volunteer.kz аталған сайтында қызметін тоқтатуға құқылы;
  • Пайдаланушы тұлға www.volunteer.kz сайтының барлық ресурстарын пайдалануға, яғни басқа да позициялар бойынша қосымша сұрау салуларды орналастыруға, сайттың форумын пайдалануға, жаңалықтар жіберілімін алуға, орталықтың ашық іс-шараларына қатысуға құқылы;
  • Пайдаланушы «Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жүйесімен ұсынылған қандай-да бос волонтерлік жұмыс орнына келісуге немесе келіспеуге өздігінен шешім қабылдауға құқылы.

3. Пайдаланушының міндеттері

  • Пайдаланушы бос емес жұмыс орындары туралы сайттың үйлестірушісіне komandasos@gmail.com поштасына жазбаша уақытылы хабардар етуге міндетті;
  • Пайдаланушы тексерілген, сенімді, объективті және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға міндетті;
  • Пайдаланушы сапалы кері байланыс үшін сенімді байланыс ақпаратын ұсынуға міндетті;
  • Пайдаланушы өзінің қызметі туралы, сонымен қатар қалаулы волонтерлік бос орын туралы барынша кең, мағыналы, толық ақпаратты ұсынуға міндетті;
  • Осы сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасау міндет.

4. Орталықтың міндеттері:

  • Орталық Пайдаланушыға осы сайттың барлық ресурстары жайлы толық ақпаратты ұсынуға міндетті;
  • Пайдаланушы ұсынған байланыс көздеріне волонтерлерден келіп түскен және Пайдаланушының талаптарына жауап беретін саулнамалар/түйіндемелерді кідіріссіз жөнелтуге міндетті;
  • Ақпаратты өңдеу барысында белгілі болған Пайдаланушының қандай-да жасырын ақпаратын жарияламауға міндетті.

5. Орталықтың құқықтары:

  • Пайдаланушының келісімнің шарттарын орындамағаны үшін Орталық осы Пайдаланушыны электрондық жүйеден шығарып тастауға құқылы;
  • Техникалық ақаулар жағдайында Орталық Пайдаланушы ұсынған байланыс көздеріне волонтерлердің саулнамалары/түйіндемелерін жіберу мерзімін ұзартуға құқылы;
  • Орталық осы Келісімнің шарттарын өзгертуге құқылы.

6. Қосымша шарттар

Орталық ықтимал пайдалунышылардың сауалнамада/түйіндемеде ұсынған дәл емес ақпараты үшін жауап бермейді.

7. Бейнелерді пайдануға темду

Заңды тұлға Орталыққа өзінің қызметкерлерінің Орталықтың ұйымдастыруымен фото және бейне түсірілімдер кезінде алынған олардың бейнелерін және бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға, Қазақстан Республикасы аумағына әкелімге және шегінен тыс шығаруды қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей ҚР заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тәсілдермен пайдалану үшін осы қызметкерлердің келісімін алғандығына өз кепілдігі мен келісімін береді.  Заңды тұлға Орталықтың жоғарыда аталған бейнелерді пайдалануына байланысты туындаған өз қызметкерлерінің барлық наразылықтары бойынша өздігінен жауапты болуға міндеттенеді.