С.Бегалин атындағы балалар кітапхасында ағылшын тілі сабақтары

img

Шет тілдерді меңгерген еріктілер қажет

Сапарғали Бегалин атын. балалар кітапханасы ерікті оқытушыларды тауып беру өтінішімен  «Komanda SOS»  еріктілерді үйлестіру орталығына жүгінді.

Кітапхана шет тілдерді меңгеруді қалайтын 6 мен 18 жас аралығындағы барлық тілек білдіруші балаларға  арнап тегін сабақтар ұйымдастырды. Барынша көп балаларды оқыту үшін сабақ бере алатын еріктілер қажет. Еріктілер сабақ беруде өздеріне ұнаған кез келген форматты таңдай алады.

Кітапхана өз тарапынан барынша қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, Сіздің жұмысыңызды алғыс хаттармен марапаттайды.

Егерде Сіз ерікті болуды қаласаңыз, келесі сілтемеге өтіп, өтінімді толтырыңз.